Блог им. Sandu → МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ПӘТЕРЛЕР МҰҚТАЖ ХАЛЫҚҚА БЕРІЛСІН!

  • 14 февраля 2010, 14:02
  • Sandu
МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ПӘТЕРЛЕР
МҰҚТАЖ ХАЛЫҚҚА БЕРІЛСІН!

Мен, Сандуғаш Серікқали, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерлердің пара арқылы тамыр мен танысқа үлестірілуіне қарсымын. Осы саладағы жемқорлықпен күресуге бел будым. БАСПАНАСЫЗДЫҚ — қазақтың басындағы ҚАТЕРЛІ ДЕРТКЕ айналды. Екі-үш үйі бар адамдар қалауын тауып тегін пәтердің төртіншісін алып жатыр. Ал қарапайым халық 20 жыл бойы кезекте тұрып, жалғыз пәтерге де қол жеткізе алмай келеді. Сол үшін бұл салаға халықтық бақылау орнату керек. Қалай дейсіз бе? Интернеттегі менің осы блогыма пәтердің кезегінде тұрып үй ала алмай жүрген адамдар өз бастарынан өткен заңсыздықтарын ашық айтып, жазып жіберсін.
1. Қанша жыл кезекте тұрсыз, жыл сайын кезегіңіз қалай жылжиды?
2. «ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 78-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебінде тұрған адамдардың тізімі, сондай-ақ, мемлекеттік тұрғын үй қорынан соңғы 24 ай ішінде тұрғын үй алған адамдардың тізімі, осы тізімдерде тұрған адамдардың талап етуі бойынша танысу үшін берілетіні көзделгенін атап өтеміз. Мұндай тізімдердің нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, тұрғын үй алуға арналған негіздер және оның көлемі, тұрғын үй берілген уақыт туралы мәліметтер міндетті түрде енгізілуі тиіс. Яғни, заң бойынша екі жыл ішінде кімдердің қандай себеппен үй алғанын біздің білуге құқымыз бар болғанмен мұндай ақпаратты сұрасаңыз, сізге ондағы шенеуніктер көрсетпейді. Сондықтан біз осы заңның орындалуына қол жеткізуіміз керек. Қол жеткізсек бәрі жариялы түрде болады.
3. Қолыңызда тұрғын үй саласында болып жатқан заңсыздықты әшкерелейтін қандай факт бар? Соны бәрін интернетте жариялап, жемқорларды әшкерелеп отыруымыз қажет? Өз ісін асыра пайдаланып, шектен шыққан шенеуніктерді де әшкерелеуіміз қажет.
4. Әзірге интернет блокқа материалдар жариялап, мүдделес адамдардың тобын құруымыз қажет. Бәрі дайын болғанда бір жерге бас қосып, заңды құқығымызды жемқор шенеуніктерден талап ететін боламыз. Жалғыз адамның үні шықпайды, біз көп болсақ үлкен күшпіз, ортақ мақсатымызға қол жеткіземіз. Біздің мақсатымыз ӨЗ ОТАНЫМЫЗДА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУ, МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІН, ХАЛЫҚ ИГІЛІГІН ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗ ҚОЛЫН БЕРУ.

Менің қолымда Алматыдағы Көкжиек ауданында салынған жалгерлік үйлер туралы мағлұмат бар. Сол үйлердің мұқтаж халыққа берілуі үшін күресемін.

Көкжиек ауданында салынған мына жалгерлік үйлер: №39 үй 26.02.2009 жылы, №40 үй 26.02.2009 жылы, №43 үй 03.03.2009 жылы, №44 үй 03.03.2009 жылы мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтті. Біздің қолымызда «Салынған нысанды пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының №17, №18, №26, №27 актісі бар.

ЖАЛГЕРЛІК ҮЙЛЕР КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ?

МҰҚТАЖ ХАЛЫҚҚА МА, ӘЛДЕ ТАМЫР МЕН ТАНЫСҚА МА?
Сандуғаш Серікқали

Алматы қаласының тұрғын үй департаменті Көкжиек ықшам ауданындағы жалгерлік тұрғын үйлердің 2009 жылдың бірінші тоқсанында салынып біткенін неге жасырып отыр? Мемлекеттің ақшасына, халық игілі үшін салынған үйлер неге иелерін таппай әлі күнге бос тұр? Осы сауал мазалаған біз тиісті жерлерге хат жаздық, мамандарға жолықтық.

«ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газетінің 23 сәуірдегі №16 санында жарияланған «Жалдық пәтерлер қолымызға қашан тиеді?» деген сұхбатында Алматы қалалық тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Болатбекұлы Тұрысбеков міз бақпастан мынадай жалған мәлімет берді. Сұхбаттан үзінді келтірейік: «Қуатбек Болатбекұлы, 2009 жылы қанша адамға жалдық пәтер беруді жоспарлап отырсыздар?
— Жыл аяғына дейін 160 адамға жалға үй беруді қарастырып жатырмыз. Осы мақсатқа үйлер салынып жатыр. Бірақ, сол үйлердің барлығы салынып біте ме, ол халықтың қолына тие ме, ол жағына біз жауап бере алмаймыз. Өйткені, құрылыс мәселесімен Алматы қаласының құрылыс басқармасы айналысады», — деген еді. Яғни, бұл жерде қолданысқа беретін үй жоқ дегенге саяды.
Осындай жауаптан кейін келесі ат басын Алматы қалалық құрылыс басқармасына тіредік. Өндіріс бөлімінің бастығы Талғат Темірханұлы Райымбаевқа жолығып, әңгімелескеннен кейін Қалалық тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Болатбекұлы Тұрысбеков газетімізге жалған ақпарат бергендігіне көзіміз жетті. Бұл дегеніңіз Қ.Б.Тұрысбековтың «ҚР Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңындағы 12-бабтың 7-тармағын бұзып отыр деген сөз. Осы оқиғаға қатысты Алматы қаласының әкімі А.С.Есімовке хат жазған едік, бірақ ешқандай жауап ала алмадық. Атам қазақ «Жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап», — дейді. Бұл үйлер әлі қолды бола қойған жоқ заңды жолмен мұқтаж халыққа беруге мүмкіндік бар. Осы мәселемен ҚР Мәжілісінің депутаты Н. Сабиляновқа, ҚР Есеп комитетінің бастығы Омархан Өксікбаевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хат жолдадым. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. Олар заңның бұзылғанын, сол үйлердің қолды болғанын күтіп тыныш отыр. Бұл барып тұрған бассыздық. Басты мақсат мемлекет қаржысын талан-таражға салған адамды түрмеге қамау емес, мемлекет қаржысын, мүлкін ұрлауды тоқтату, оның алдын алу. Соны құзырлы орынның мамандары түсінбегені өкінішті-ақ. Қазақстанның түрмелеріне адам сыймай жатқанда қылмыскерлерді түрмеге қамаудан гөрі, қылмыстың алдын алу тиімді болмақ.

Қазіргідей дағдарыстың қиыншылығына қарамастан: «Халқым баспаналы болсыншы, жағдайы түзелсінші», — деп республикалық бюджеттен жалгерлік үйлер салуға 595 млн. теңге қаржы бөлдірген, тапсырма берген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін құлаққа ілмеген Алматы қаласының әкімшілігіне не деуге болады?
ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы: «Біз жалгерлік тұрғын үй нарығын әлемдік стандарттарға сәйкес дамытуымыз қажет және де оны мемлекет үшін ашық (прозрачный), ал бизнес үшін мүдделі етуіміз қажет», — деген тапсырмасын неге Алматы қаласының атқарушы билігі жүзеге асырмайды? Неге Елбасымызға қарсы шығады? Халықтың қамы тек Елбасына ғана қажет пе?

ЕСКЕРТУ: Дәл қазір Алматы қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы болып Қ.З.Нұрқаділов тағайындалды. Ал Қ.Б. Тұрысбеков өз қызметінен босатылып, басқа жұмысқа ауыстырылды. Қ.Б.Тұрысбековты басқа жұмысқа ауыстыру арқылы Тұрғын үй басқармасы заңсыз әрекеттерін жабуға тырысып бағуда.





Комментарии (16)

RSS свернуть / развернуть
+
0
Мен сіздің пікіріңізбен толық келісемін.
+
0
Знаете эту тему надо как-то на русском опубликовать. Арендные жилье очень хорошая вещь. Надо в Акимат или КНБ написать заявление про эту махинацию.
+
-1
А по-русски можна? Ничего не понимаю я по-вашему!
+
0
Для тех, кому не понятно объясняю: в этом блоге написано про дома которые строились для народа. (А на самом деле для чиновников, «для своих» или для коррупцианеров.)
+
0
Ясно. Серьезная тема.
+
0
Народ!!! Кто нибудь переведите на русский.
Заранее благодарен!!!
+
0
Я тут смотрел немного на юзеров и с каких адресов они пишут. Чисто случайно обнаружил что Fantastish и Sandu пишут с одного айпишника.
+
0
Пришлось всех троих забанить, так как еще один аккаунт нашелся… Ибо нефиг тут создавать видимость повышенного интереса!!!
+
0
Ибо!
+
-1
а мне вот кстати всегда интересно было… если кто-нить с моего офиса на блогосе писать начнет, меня тоже забанят? :( у нас ведь один айпишник…
+
0
Яся, меня не нужно за идиота принимать, ок?! Если я вижу, что в один день с одного айпишника регистрируется несколько «человек», потом они дружно продвигают одну и ту же тему делая вид что незнакомы, то шансов что это несколько человек с одного офиса минимум. У меня опыт работы с базами юзеров более 5 лет, на найте если что больше 6 тыс. человек зарегистрировано.
+
0
при чем тут за идиота? :(

мне реально интересно было как система филтрации такая работает :(
+
0
Система работает вручную. Детали я точно рассказывать не буду, нефиг давать информацию тем, кто может захотеть обойти эту систему.
+
0
вот! о том и рчеь )) я ж не знала, что тут индивидуальный подход действует ))
+
0
А как иначе? Если бы работало все автоматом, то мы бы потеряли некоторых интересных блогосчан.
+
0
Ок, я 7 дней не буду трогать спаммеров, посмотрим как засрут тут все…

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.