Блог им. Ana_mama → Туған анасының бөлмесіне қарақшылық шабуыл жасады

  • 14 февраля 2010, 15:04
  • Ana_mama
Туған анасының бөлмесіне қарақшылық шабуыл жасады

2009 жылдың қараша айының 21-де түнгі сағат 24.00-да Бостандық ауданының полиция қызметкерлері, учаскелік полицей Әлжанов Жандос және өзін таныстырудан бас тартқан тағы да бір полицей екеуі Медетова Күлбарашқа келіп, бөлмесіне тінту жүргізетінін айтты. Түнгі сағат 23-тен кейін төтенше жағдай болмаса, заң бұзбаған бейбіт тұрғынды полицияның мазалауға құқы жоқ екенін ескертсек те, есікті ашуды талап етіп, тұрып алды. Ал Алмагүл Серікқалиева полицияның көзінше есікті балтамен шауып кіретіндігін айтты. Содан келесі бөлмеде жоғарыда аты аталған полиция қызметкерлері мен Алмагүл Серікқалиева ақылдасып, есікті шабатын болып келісті. Істі насырға шаптырмас үшін Медетова Күлбараш бөлмеден сырқа шығып, полиция қызметкерлерімен сөйлесті. Жандос Әлжанов пен белгісіз полиция (өзінің аты-жөнін атаудан бас тартқан полиция қызметкері адамдарға қызмет бабымен барғанда аты-жөнін атап, өзін таныстыру керектігінен бейхабар) Медетованы сыртқа алып шығып кеткенде Алмагүл Серікқалиева балтамен есікті шауып, бұзып-жарып ішке енді. Балтаны алып іштегі Серікқалиева Сандуғашқа: «Егер де дәл қазір үйден кетпесең, шауып өлтірем», — деп балтасымен сес көрсетті. Алмагүлдың енесі, сожитель болып бірге тұрып жатқан Дәурен Мұқановтың шешесі Шолпан екеуі екі жағымнан ұстап, ұрып-соғып, үйден сүйрелеп алып шықты. «Түнде туған анасының бөлмесінің есігін балтамен шауып, қарақшылық шабуыл жасап, балтамен шауып өлтірмек болған Алмагүл Серікқалиеваның үстінен қылмыстық іс қозғауларыңызды сұраймын», — деп Бостандық аудандық прокуратураға және ІІБ шағым түсіргенімізбен әлі күнге жауап жоқ.
Бөлмеде Алмагүлдің заты жоқ, тек Медетованың заттары ғана тұр. Мен анамның бөлмесіне кез келген уақытта келуге құқым бар. Мен ол жерде тұрып жатқан жоқпын. Соттың шешімін орындап отырмын. Ал Анама келуге шектеу қоюға Алмагүлдің құқы жоқ. Менің анам бостандықтағы адам ол күн демей түн демей туған балаларымен араласа алады. Ондай құқықты оған ҚР Конституциясы береді, «ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 20-21 -бабы береді.
Алмагүл Серікқалиеваның полицияның көзінше қарақшылық шабуыл жасағанына қарағанда полиция екеуі ымыраласып алған, барып тұрған сыйбайлас жемқорлық. Полицияның мені анам Күлбарашпен жолығуға, кездесуге тыйым салуы өз ісін асыра пайдаланушылық, шектен шығушылық деп білемін. Полиция Алмагүл Серікқалиеваның қолындағы неміс авчаркасы сияқты, фас десе жарып салатын. Әйтпесе, балтамен есікті полицияның көзінше бұзып жатқанда, өз ісіне адал, заң білетін адам мұның заңсыз әрекет екенін түсінер еді ғой. Ж.Әлжанов: «Мен ол кезде сыртқа шығып кеткенмін», — деп сылтауратпай-ақ қойсын. «Қырағы» полицияның тұмсығының астында қылмыс жасалып жатады, ал олар еш нәрсені сезбейді. Яғни, Әлжанов өз ісін білмейтін, біліксіз маман. Әлжановтың әрекетінен халықтың тыныштығын заңды білмейтін, өзі ісіне жауапсыз қарайтын, «адалдық» деген сөзден адырам қалған «полиция» деген атқа лайықсыз кездейсоқ адамдардың жұмыс істеп жүргендігін көруге болады.
Оқиға болған жерге біздің шақыртуымызбен Бостандық аудандық ІІБ-ның эксперттері келді (қыздар). Аты-жөндерін сұрап едік, жаратпай ала көздерімен қарап, таныстырудан бас тартты. Сынған есікті суретке түсірді. Сол кезде мен, Серікқалиева Сандуғаш: «Есікті шапқан балтаны қоса суретке түсіріңіз», — деп өтініш жасап едім. Сөзімді тындаған да жоқ. (Орудия насилия и взлома двери так и не фиксировали.) Қылмыс жасалған құралды тәркілемей, суретке түсірмей, полиция өз ісін шала-жапсар атқарып кете барды. Осы қарақшылық шабуыл бойынша Алмагүл Серікқалиеваның және қылмысқа қатысушы ретінде полиция қызметкері Жандос Әлжановтың үстінен қылмыстық іс қозғалуы тиіс еді, бірақ, Қазақстанның құқық қорғау органдары мұны заң бұзушылық деп есептемейтін сияқты. Әлі күнге қылмысты істі қозғамай, тып-тыныш отыр.

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.