Блог им. Ana_mama → Туған анасын өлтіру үшін шабуыл жасаған Алмагүлдің әрекетінде қылмыстың нышаны да жоқ», — дейді прокуратура мен полиция.

  • 14 февраля 2010, 15:08
  • Ana_mama
«Туған анасын өлтіру үшін шабуыл жасаған Алмагүлдің әрекетінде
қылмыстың нышаны да жоқ», — дейді прокуратура мен полиция.

2009 жылдың 23 шілдесінде менің анам Медетова Күлбараш тұрып жатқан Әл-Фараби көшесіндегі 71/13 69-пәтерге түскі 12 сағат 40 минутта белгісіз әйел рұқсат сұрамастан кіріп келіп: «Бұл үйден шық, бұдан былай бұл жердің қожасы менмін, Алмагүл бұл пәтерді маған арендаға берді», — деді. Баса көктеп кіріп келген бөтен әйелдің заңсыз әрекетіне наразы болған Медетова Күлбараш: «Бұл менің тұрып жатқан пәтерім, осы үйде тіркеуде тұрмын, осы жерде өмір сүруіме рұқстан берген Ботсандық аудандық сотының шешімі бар, оның үстіне Алмагүл Серікқалиева менің туған қызым», — дейді. Өзін біресе Гүлнар, біресе Гүлназ деп таныстырған белгісіз әйел: «Өз еркіңмен бұл жерден кетпесең, күшпен қуып шығам деп», — Медетова Күлбараштың жағасына жармасып, ұрып жықпақ болады. Осы кезде түнгі жұмыстан шаршап келіп ұйықтап жатқан Медетованың баласы М. Т. оянып кетеді. Ол дереу бөтен әйелдің қолынан анасы Медетованы ажыратып алады. М. Т. үйге келіп, жанжал шығарып жатқан белгісіз әйелдің төл құжатын көрсетуін сұрайды. Бірақ, ол әйел төл құжатын көрсетуден бас тартады. Сол кезде М.Т. жанжал шығарған белгісіз әйел мен Алмагүл Серікқалиеваны ұялы телефонының фотоаппаратымен суретке түсіріп алады (Белгісіз әйел мен Алмагүл Серікқалиеваның фотасын прокуратураға өткіздік). Сол жерде үлкен жанжал туындап, екі әйел дөрекіленіп, анамыз Медетова Күлбарашқа қарсы ауыр-ауыр сөздер айтады. Мұндай бассыздыққа төзе алмаған Медетова Күлбараштың жүрегі ауырып, жағдайы нашарлап кетеді. Жұмыста отырған қызы Сандуғаш Серікқалиеваға хабарласып, полиция шақыруын өтінеді. Сандуғаш полиция шақырады. «Боран-43» экипажының полициясы дер кезінде келіп, аға сержант Қылышпаев пен М. Мұздыбаев, Медетованың қолынан арыз жаздырып алады. Басы айналып, көзі қарауытып орнынан тұра алмаған Медетова ауыр жағдайда отырып, «Неизвестная женщина и Алмагуль Сериккалиева нападали и избили» деген екі ауыз сөз жазуға ғана шамасы келеді. Ауыр хәлдегі қарт анаға жаны ашыған полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақыртыңыз деп кеңес береді. Түскі 14 сағат 28 минутта дәрігер Канипал бастаған медициналық жедел жәрдем мамандары К.Медетованы тексере келе артериялдық қан қысымының 210/110 дейін көтеріліп кеткенін анықтайды. Бұған дәлел болатын Жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің берген «Учаскелік дәрігерге жіберілетін дабыл парағын қолымызда. Дәрігерлер тез арада дәрі-дәрмек беріп, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Егер де Мұстафа болмағанда белгісіз әйел мен Алмагүл Серікқалиева анамыз Медетованы өлтіріп кетуі мүмкін еді. Мұны мен адамды өлтіру үшін жасалған шабуыл деп есептеймін. Алмагүл Серікқалиева анамыз Медетованы өлтіру арқылы оның тұрып жатқан бөлмесін тартып алуды көздеген. Алмагүл Серікқалиева анамыз Медетованың гипертония дертіне шалдыққанын біледі. Қатты ренжісе, қан қысымы көтеріліп, инсульт болып, өліп кету қаупі барын да біледі. Жүрегі ауратын, гипертониясы бар адамды ренжітіп қана қоймай, күш көрсеткен. ҚР Қылмыстық Кодексінің «Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу» деген 145-бабында: «1. Тұрғын үйге онда тұратын адамның еркiнен тыс басып кiру —
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады.
2. Күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгi уақытта, немесе заңсыз тiнтуге ұласа жасалған әрекет, сол сияқты тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау —
бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»— деп жазылған. Осы бапты да негізге ала отырып, қылмыстық іс қозғауға болады. Бірақ полиция іс қозғаудан бас тартып отыр. Оның үстіне Алматы қаласы Бостандық аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы Арыстанов, орынбасарлары А.Қ. Кенесариев, Келімбердин, бөлім бастығы Ержігіт Байгузов еш шара қолданбай отыр және қылмыстық іс бойынша түскен шағымды негізсіз тергеуге жібермей отыр. Полиция қызметкерлері әлі күнге белгісіз әйелді таппай отыр. Мен Серікқалиева Сандуғаш, анам Медетова Күлбарашты өлтіру үшін жағасынан алып, күш көрсеткен Алмагүл Серікқалиеваны туғаным деп айтуға аузым бармайды. Туған анасын өлтірмек болған Алмагүлдей безбүйректің жасаған қылмысы үшін заң алдында жауап беруін құқық қорғау органдарынан талап етемін. Оның үстіне Алмагүл Серікқалиева Бостандық аудандық полиция қызметкерлерімен ымыраласып алып, анам Медетова Күлбарашқа қастандық жасағаны бұл бірінші оқиға емес, мұндай оқиға бірнеше рет қайталанды. АҚ ШАШТА АБЗАЛ АНАҒА қарсы жасалып жатқан заңсыз әрекеттерді СОТ арқылы тоқтатудан басқа амал көріп отырған жоқпын.

Туған анасын аштан-аш үйге қамап қойған безбүйрек
2009 жылдың 26 тамызынан бастап бірнеше күн Алмагүл Серікқалиева пәтердің өз атына жазылғанын пайдаланып, туған анасы Медетова Күлбарашты күшпен үй қамауында ұстады. 26 тамыз күні кешке Бостандық аудандық сот орындаушылары мен учаскелік полиция және Алмагүл Серікқалиева және оның жанында тұрып жатқан еркек Дәурен Мұқанов кешкі уақытта Әл-Фараби көшесіндегі 71/13 69-пәтерде тұрып жатқан 61 жастағы қарт адам Медетова Күлбараштың бөлмесіне келіп, акт жасап, Медетова Күлбарашқа балаларымен араласуға және туған балаларының заттарын анасы ретінде өз үйінде ұстауына тыйым салды. Және де жоғарыда аталған құқық қорғау органдары үйден шыға салысымен, Серікқалиева Алмагүл Медетова Күлбарашты үйге қамап тастады. Мұндай қорлыққа жаны шыдамаған Медетованың қан қысымы 200/110 дейін көтеріліп, осы күні кешкі 21 шамасында жедел жәрдем шақырды. Медетова науқас адам ол кісінің жүрегі аурады және де гипертониясы бар. Науқасқа медициналық көмек көрсеткен жедел жәрдем дәрігері Дедрованың диктофонға жазылып алынған сөзін өздеріңіз тыңдауларыңызға болады.
Осы орын алған қылмыстық оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің «Бас бостандығынан заңсыз айыру» деген 126-бабтың 2-ші тармағының «3) пайдакүнемдік ниетте» және « и) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалса» деген пункттарында көзделген пиғылмен Медетова Күлбарашты үй қамауында ұстау арқылы бас бостандығынан айырып отырған Алмагүл Серікқалиеваны қылмыстық жазаға тартуды сұрап полиция мен прокуратураға шағымданғанымызбен ешқандай нәтиже болмады.



Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.