Блог им. Ana_mama → ҚАРТ АНАСЫН ҚОРЛАҒАН БЕЗБҮЙРЕКТІҢ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСЫРҒАН ПРОКУРАТУРА МЕН ПОЛИЦИЯНЫ СОТҚА БЕРЕМІН

  • 14 февраля 2010, 15:10
  • Ana_mama
СЕНСАЦИЯ

Почта: Sandu_1212@mail.ru
ҚАРТ АНАСЫН ҚОРЛАҒАН БЕЗБҮЙРЕКТІҢ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСЫРҒАН
ПРОКУРАТУРА МЕН ПОЛИЦИЯНЫ СОТҚА БЕРЕМІН

Полиция қызметкерлері бала мен ананың арасына түспейміз, Алмагүл Серікқалиева Медетованың туған қызы болғандықтан оның қарт ананы қорлауына болады деген уәж айтады. Алмагүл Серікқалиева Медетованы өлтірген кезде ғана барып іс қозғаймыз дегенді айтып отыр. Құқық қорғау органдарының осы пікірімен сіздер келісесіздер ме?
«Ауруын жасарған өледі», — дейді халық даналығы, бүгін мен ішімді жалын боп өртеген дертімді жария ете отырып, өздеріңізден рухани қолдау күтемін. Туған анасын қорлаған бейзбүйректің заңсыз әрекеттерін қолдап, қарт ана Медетованы қорлауға атсалысып жатқан полиция мен прокуратура қызметкерлерімен күресуге бел будым. Бостандық аудандық прокуратура мен полицияның үстінен сотқа шағым түсіремін. БҰЛ ҚАЗАҚСТАНДА БОЛМАҒАН СЕНСАЦИЯ. Халық қолдаса, сотта жеңетініме сенімдімін. «Бірлік бар жерде тірлік бар», — демекші, менің интернеттегі блогыма кіріп, өз пікірлеріңізді айтып, дем берулеріңізді сұраймын. Сонымен бірге сот процессі кезінде келіп, мені қолдайды деп үміттенемін.
Қарт ананы қорлаған Алмагүл Серікқалиеваның бүкіл заңсыз әрекеттері жайлы айғақтар, бейне және дыбыс жазбаларды, құқық қорғау органдарына шағымданған арыздың үлгісін назарларыңызға ұсынып отырмын. Мен аудандық, қалалық прокуратура мен полицияға, тіпті Бас прокурор Қайрат Мәми мен Жоғарғы соттың төрағасы Мұсабек Әлімбековке дейін шағымдандым, ешқандай нәтиже болмады.
Енді жағдайды қысқаша баяндап берейін. Алмагүл Серікқалиева 2007 жылдан бері анамыз Медетова Күлбарашты пәтерден қуып шығу үшін небір айла-тәсілдер жасап бағуда. 2002 жылдың 14 тамызында отбасының игілігі үшін туған сіңілім Алмагүл Серікқалиева және мен, яғни Сандуғаш Серікқалиева екеуміз бірлесіп Әл Фараби көшесіндегі №71/13 69 пәтерді алған едік. Мен туысыма, отбасыма көмектескендіктен өзімнің көмегімді, іс-әрекетімді ешқандай құжатпен рәсімдеген жоқпын. Әл Фараби көшесіндегі №71/13 69 пәтерді алған күннен бастып бүкіл отбасымен бірге тұрдық. Пәтердің төлемақысын Сандуғаш Серікқалиева төлеп тұрды. Алайда, Алмагүл Серікқалиева пәтердің өз атына жазылғандығын пайдаланып 2007 жылы сәуірде Бостандық аудандық сотына бізді үйден шығару туралы шағым түсіріп, 2007 жылдың 28 маусымында Бостандық аудандық соты Серікқалиева Сандуғашты үйден шығару туралы шешім шығарды. Ал анамыз Медетова Күлбарашты Бостандық аудандық соты отбасы мүшесі ретінде танып, сол тұрып жатқан пәтерінде қалдырды. Сот шешіміне орай Сандуғаш үйден кетті. Алайда, ерекше ескертіп айтамын, Алмагүл Серікқалиева мұндай сот шешіміне қанағаттанбай, балалары жоқ кезде қарт анамыз Медетова Күлбарашқа зәбір көрсеткен. Анамыз Медетова Күлбараш тұрып жатқан 12 шаршы метрлік бөлмеге 2007 жылдың 16 қазанында сағат 16-лар шамасында есікті бір теуіп кіріп, ұрыс шығарып, анамызды қорлаған. Медетова көмек сұрап полиция шақыртады. Алайда, Бостандық аудандық полиция қызметкерлері қорғансыз қарт ананы қорғағанның орнына Алмагүлмен бірлесіп алып, қарт анаға қысым көрсетіп, жала жауып, қылмыстық жауапкершілікке тартпақ болады. Осы орын алған жағдайға байланысты Бостандық аудандық прокуратурасына 02.11.2007 жылы шағым түсірдік, прокуратура қызметкерлері полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты. Осыдан кейін 2009 жылдың сәуір айында Алмагүл Серікқалиева екінші мәрте Медетова Күлбарашты, Сандуғаш Серікқалиеваны үйден шығару туралы Бостандық аудандық сотына талап арыз береді. (Осының алдында Алмагүл пәтерінің бір бөлмесін Сандуғашқа жалға беріп, тұруына рұқсат берген еді.) Бостандық аудандық соты 15.05.2009ж. шешім шығарып, 2007 жылы шығарылған сот шешімін күшінде қалдырады. 2009 жылдың 20-шы шілдесінде сот орындаушыларының көмегімен тағы да Сандуғаш Серікқалиеваны үйден шығарады. ПОРОДОКС МЕНІ, САНДУҒАШТЫ ҮЙДЕН ШЫҒАРУ ҮШІН ЕКІ РЕТ СОТ ПРОЦЕССІ ӨТТІ. АЛ ҚАРТ АНА МЕДЕТОВАНЫ ӨЛТІРУ ҮШІН ШАБУЫЛ ЖАСАСА ДА, ҚАРТ АНАНЫ ҮЙГЕ ҚАМАП ҚОЙЫП ҚОРЛАСА ДА, ЕСІГІН БАЛТАМЕН ШАУЫП КІРІП, ТУҒАН АНАСЫНА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАСА ДА, СОТ ШЕШІМІНЕ ҚАРСЫ ШЫҒЫП ОНЫ ҮЙДЕН ҚУЫП ШЫҚПАҚ БОЛСА ДА АЛМАГҮЛДІҢ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ СОТ ПРОЦЕССІ БОЛҒАН ЖОҚ. НЕГЕ?

2007 жылы Сот шешімі шыққаннан кейін бір жыл бойы Алмагүл Серікқалиева анамыз Медетова Күлбарашпен араласуымызға, анамызға келуімізге тыйым салды. Келген сайын ұрыс-керіс шығарып, полиция шақырып, айқай-шу шығарды. Мұндай қоқан-лоқыдан кейін анамыз К.Медетоваға келмейтін болдық. Алмагүл Серікқалиева өзінің осындай озбыр қылығымен анамыздың бүкіл құқын аяққа таптап, зәбірлеумен болды. Тіпті анамыз ауырып қалған кезде халін білуге де келе алмадық. Ауырып жатқан анамыз Алмагүлдің дөрекі айғай-шуын естімесін дедік. Анамызға тек қаржылай ғана көмектескеніміз болмаса, асырап-бағауға және қамқорлық жасауға Алмагүл Серікқалиева мүмкіндік бермеді. Осылайша анамыздың заңмен берілген құқын шектеді ҚР «Неке және отбасы» туралы заңның «Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi» деген 131-бабының 1-тармағын, ҚР Конституциясының 17, 18 баптарын, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 22-бабын өрескел бұзды. Заң бойынша Отбасы мүшесі болып табылатын Медетова тұрғын үйді меншік иесі А. Серікқалиевамен бірдей пайдалануға құқылы. Бірақ, Медетованың осы құқықтарын шектеген, Алмагүл Серікқалиева оған зорлық-зомбылық көрсетуін қояр емес.
Анамыз Күлбараш Алмагүлді өсіріп-жеткізді, алақанына салып аялады, ал қартайғанда өзінен туған бала қорлап, иянаттап, үйінен қуып жатыр. Тіпті Алмагүлдің анамыз Медетованы қорлағаны сондай табиғи қажетін өтеу үшін дәретханаға кіргізбейді немесе дәретханадан айқайлап қуып шығады. Бұл енді шектен шыққандық. Анамыз Медетова Күлбарашты иянаттап, дәретханадан қуып шыққанын дәлелдейтін диктофонның дыбыс жазбасын өздеріңізге де ұсынып отырмыз. Анамыз Күлбараш мұндай қорлықты көруі тиіс емес. Туған баласынан зәбір көрген Медетова Күлбараштың қазір денсаулығы күрт нашарлап кетті. Бойынан қуаты кетіп, жүріп-тұруы қиындады. Медетова К. гипертания аурына шалдықты, қан қысымы 210-ға дейін көтеріліп кетеді. Қайғыдан жүрек дертіне ұшырады дәрігерлер гипертрофия левого желудка сердце и диффузия увеличения в миокарда деген диагноз қойып отыр.
К. Медетованың жүрек дертіне және гипертания ауруына тек Алмагүл Серікқалиеваның қорлығынан кейін шалдыққанын дәлелдейтін медициналық анықтама бар. Анамыз Медетова Күлбараш 2005 жылдың сәуір айының 4 мен 14 аралығында Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатып емделді. Толықтай медициналық тексеруден өтті. Дәрігердің: «Выписка из истории болезни №7778» деген анықтамасында К. Медетоваға холецистит, панкреатит, гастродуоденит, шейно-грудной остехондроз деген диагноз қойылған. Жүрек ауруы туралы, қан қысымы туралы бір ауыз сөз жоқ. Ауруханаға түскен кез келген адамның қан қысымын дәрігер міндетті түрде тексереді. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. К. Медетованың қан қысымы жоғары болса, сол кезде-ақ анықтар еді. Сондықтан да анамыз Медетованың жүрек және гипертония ауруына шалдығуына тікелей әсер еткен Алмагүл Серікқалиева деп білеміз.

Сол үшін Алмагүл Серікқалиеваны «ҚР Қылмыстық кодексінің» Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру» деген 108-бабымен жауапқа тартуын сұрағанымызбен қылмыстық іс қозғалмады.

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.