Блог им. ardashkin → Көктемнің бір шағында (Стихи про любовь)

Көктемнің бір шағында
Мен сенбедім махаббаттың барына
Кездестірмей жүрген сені шағымда.
Көктем гүлі, ұшырған махаббат иісін
Қонды кенет алабұртып маған да.
Солай түсінді менің жүрегім
Махабаттың ұлы сезім екенін,
Сағынамын сені, ойлаймын сені
Асығады жаныңа менің жаным.
Ғашықпын мен, — өзгеге сездірмеймін,
Махаббаттың бақшасын кезгендеймін.
Өмірімнің сәніне айналған сен,
«Үп» еткен жел бетіңе түсірмеймін.
Алып сезім қонды менің жүрегіме,
Бақыт иісі кетпейді қасымнан,
Қуаныш байлап алды жанымды,
Махаббатымды ұшырман мен де қолдан.

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.