Блог им. ardashkin → Өткен күндер туралы

Не пайда өкінгеннен,
Құрбан ғып жастығымды.
Не пайда күрсінгеннен,
Тауысып алтын жасымды.
Өкінбеймін де мұңаймаймын,
Болары болды, өткені өтті.
Қиналыс бар, бірақ таусылмаймын,
Өлең жолдарын ғана қаламдаймын:
Жасырмаймын сүйгенімді,
Жасырмаймын сенгенімді,
Ғашық боп сайрап бұлбұлдай жүрекгімнің
Сезімге толық берілгенімді.
Көзіңнің қалай маған қарағанын,
Сөздерімнен-ақ сенің елжірегенің,
Қолыңның шашымды тарағаның,
Ұмытылмас ешқашан, достым менің!
Мүмкін, бұл тағдыр күші табыстырған,
Мүмкін, жай оқиға қағыстырған,
Мүмкін, жай ауырдым махаббат желінен,
Маған қарай көктемде үрлеген.
Жүрекке деген әмірліктен айрылған кездер,
Дамылдаған күндер, көз ілмеген түндер…
Айтып-айтпай не керек?!
Сені табыстырғаныма қуаныштымын,
Ғашық болғаныма бақыттымын!

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.