Блог им. ardashkin → Жаңа күн

Жылытар менің жанымды,
Ақ сәуле аймалаған бетімді.
«Шыңқ» еткен таңғы торғайлар:
«Таң атты, оян!» деуге асығады.

Асығады сараң уақыт…
Тағы келді жаңа күн.
Басталсын деймін әр таңың
Өзіңе, өзгеге жақсылық тілеуден.

Жаңа күнмен келер жаңа қуаныш,
Ескі күнмен кетер қайғыңыз.
Кешегі күнмен өткенімді өртеймін,
Жаңа белес, қане есігіңді аш!

Күн өтсін абыр-сабыр,
Әкеле жарқын сәттерін,
Өтсін-дағы гүбір-гүбір,
Жібере молынан мәз-мейрамын.

Жақсы ниет билесін деймін әр адамды,
Сол ғана сақтар ішкі дүниеңді.
Әр адамнан мейірімділік табылып тұрса,
Жақсылық орнағаны жер бетінде.

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.