Блог им. Malika → Жастар тәрбиесі – өзекті мәселе

  • 09 декабря 2011, 19:18
  • Malika
Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне кө­ңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыс­тың аманатын арқалаған жас өскін­ді тәрбиелеудің жолдары мен амал­дары да сан тарау. Солардың ішін­де шешуші рөл атқаратын тәлімі мен тәрбиенің бір түрі – жастарды патриотизм үлгісінде тәрбиелеу ма­ңызды іс саналады.
Қазіргі кезде жастарымыздың арасында Отанды қорғауға деген са­налы көзқарастың болмауы сал­да­рынан әскер қатарында қилы келеңсіздіктер жиі кездесіп қалады. Сондықтан да балабақшадан бас­тап, мектепте, жоо-да және өзге де мекемелерде патриоттық тәрбие беруді қолға алудың қажеттігі ай­қын байқалуда. Тәрбиенің бұл түрі жас ұрпақты елін қорғауға, ұлттық әскер сапында адал қызмет атқа­ру­ға, азаматтық қасиеттерге баулиды.
Қазіргі таңда Қазақстан Респуб­ли­касының әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық даму барысында саяси-идео­ло­гиялық, мәдени тұрғыдан жаңаруы­на сай жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үкіметіміздің жаңа стра­тегиялық бағдарламасының басым бағыт­та­ры­ның бірі болып саналады. Елі­міз­дің географиялық орналасуы мен ұлттық-этникалық ерек­­ше­лігіне орай оқушыларға ха­лық­тық дәстүрге негізделген баба­лар рухына сай тәрбие жүйесін құру қажеттілігі қазақстандық білім саласының маңызды проблема­ла­ры­ның бірінен саналады. Педаго­ги­ка тарихына үңілсек, Отанға де­ген сүйіспеншілік, оны жүзеге асы­ру­дың жолдары туралы айтылған тұ­жырымды ойлар жетіп арты­ла­ды. Ертедегі грек және рим ойшыл­дары­ның (Платон, Цицерон, Арис­тотель, т.б) еңбектерінде тәрбие идея­лары көрініс береді. Қазақ елінің ғасырлар бойы қалып­тасқан отансүйгіштік тәлім дәс­түрлерін, әдіс­тері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі оқушы тұлғасын қалып­тастыруда ұтымды қолдану – уақыт талабы.

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.








Играть на сайте онлайн казино вебмани можно в многопользовательском режиме, сингл или WMZ