Блог им. Malika → Түрік телехикаялар

  • 09 декабря 2011, 19:53
  • Malika
сүйіп көретін)) «Көкжалдар мекені» сериалы, басынан саяси қырынан танылып жатса, сонымен қатар әлеуметтік, отбасылық, экономикалық тұстарды сипаттайтын түрік сериалдары аз емес.

Соның ішінде бала асырап алу, немесе өгей әке, өгей шеше сияқты мәселелер көп көтеріледі. Өздеріңіз білетіндей, шығыс елдерінде бұрыннан қатал заңдар орын алып келгендіктен, оның ішінде ислам дінінің тәрбиесі бар, көбіне қандай да бір шарттардан тыс жасалынған әрекеттер өткір сынға алынып жатады. Осындай тұстарда эгоизмді қайта тәрбиелеп, теңшілдікті орнату үшін сериалдарды пайдалана ма деген ой келеді.

Мысалы, жақында ғана тәмамдалған «Шехризат» сериалы. Көргендер болса, білетін болар, Шехризаттың қайтыс болған күйеуінен бір баласы болады. Ол баланы оған ғашық болған Онур да, Керім де өз балаларындай еркелетіп, оған үлгілі әке болуға тырысып бағады. Ол біреудің баласы немесе босаға көрген әйел деген әдетте сөз болатын мәселелер көтерілген жоқ. Және сериалдың ортасында, қателеспесем, Жансель деген кейіпкер әйел, отбасылы жігіттен аяғы ауыр болып, кейін ол жігіт оны тастап кетеді, сол кезде оны екіқабат қалпымен әйелге алған жігіт табылады, тіпті кейін баланы туған әкесіне бермей қашып кететін сериялары да болады. Қарап тұрсақ, мұнда бір тәрбиелік мән жатыр. Яғни, біреудің баласы біреуге бала болады деген қағиданы көрермендердің миына сіңіру болып табылатын сияқты.

Тіпті қай бір кездері болып кеткен “Маусым түні” сериалында жезөкшелік тақырыбы да қозғалған. Жезөкшелік өз ретімен, алайда махаббат пен жан-дүние сұлулығынаа үңілу, соны көре білуді басты етіп көрсетуге тырысқан.

Қазіргі болып жатқан «Асыл мұрат» сериялында біраз өзгеше жағдай. Мұнда бір отбасы бала асырап алып, кейін сол балаға талас басталады. Әркім өз қанынан тараған ұрпақтай балаға жақтасып, одан айырылып қаламын ба деп уайымда жүреді. Сонымен қатар, бедеулік мәселесі және қарт кездегі махаббат, бай мен кедейдің қарым-қатынасы сияқты мәселелер көтеріледі.

Тағы бір «КТК» телеарнасында болып кеткен, қателеспесем «Не могу сказать прощай» сериалында керісінше өгей ана мәселесі көтеріледі. Мен бұл сериалдың кейбір тұстарын ғана көріп қалдым, сондықтан толыққанды мәлімет айта алмаймын. Бірақ бір анығы қандай да бір сериалда, бізге үйреншікті өгей әке мен өгей шешелерді жаман етіп көрсету емес, керісінше мұндайдың сауапты іс-әрекет ретінде көрсетуге тырысады.

Онымен қоса, түрік сериалдарында кейіпкерлер дана сөздерді көп қолданады. Және де қазақша болып жатқандықтан, аудармалар мағынаны дәл жеткізеді. Өзіме ұнаған сөздердің ішінде «Түннен кейін әркез күн шығады. Қандай да бір қиыншылықтың да, бәрінің де соңы бар. Тек сабырлық танытып, соны күте білу керек» деген сөздерді диалог ортасында пайдаланып кеткен, ал мағынасы қандай зор. Сонымен қатар, қай бір серияда «Әркімнің өз қайғысы бар» дейді. Оның авторы түрік жазушысы Сердар екен… )) Сөйтіп, тіпті түрік жазушысымен де таныс болдық.

«Шехризат» сериалы түсіріліп жатқан уақыт, әлемдік дағдарысқа сай келген екен. Сол уақыттарды да сериалда ұтымды пайдаланып, экономика жағынан да біраз мәліметтер беріп отырды. Және де қиын сәттерде Шехризаттың «Бұл қиындықтың бәрін біз бірге жеңеміз» деп Онурдың қолын ұстаған тұсы, осы сериалды көріп отырған мыңдаған көрермен-әйелдерге қаншама сабақ болды десеңізші. Очм, мен айтпақшы )) сериал да пайдасыз дүние емес, әркім өзіне бірдеме алады. ))
  • +3
  • 2

Комментарии (2)

RSS свернуть / развернуть
+
0
иә. шынымен, бүгінгі күні түрік сериалдары бәрін жаулап алған сияқты. бір есіртке сымақ күнде уақытында тосып отырамыз. берер тәрбиесі де бар)))))))))))))
+
0
бірақ олардан аларымыз да бар, алмайтыныз да бар. сондықтан, әсіресе жастарымыздың басын қатырмасын деп тілейік

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.