Блог им. KNPK → Құрметті қазақстандықтар! Қымбатты жолдастар!

  • 15 декабря 2011, 15:20
  • KNPK
Құрметті қазақстандықтар!
Қымбатты жолдастар!

Біз жиырмасыншы рет ең басты мемлекеттік мейрам – Отанымыздың, Қазақстан Республикасының егемендік алған күнін атап өтудеміз. Аталған жылдары еліміз қиын жолды – тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасу жолын артта қалдырды.
Тәуелсіздік – өзіміздің тағдырымызды анықтауға мүмкіндік беретін негізгі құндылық. Егемендік лайықты өмір сүру құқығын қорғап, өзі үшін күресуді талап етеді.
Шынайы Тәуелсіздіктің кепілі – мемлекет пен халықтың мақсаттары мен мұраттарының сәйкес келуі. Бұл дегеніміз – халыққа қызмет ететін, арман-тілектеріне жауап беретін, оның мүддесі үшін шешім қабылдайтын мемлекетті құру болып табылады.
Түрлі құбылыстардың лебі қоғамымызда көптеген қарама-қайшылықтарды туғызды. Ал олар азаматтарымыздың мемлекет ісін басқару процестеріне көптеп қатысқанда ғана шешімін табады. Бәріміз бірге елімізді экономикалық тұрғыда дамыған, саяси тұрақты, әлеуметтік қолайлы мемлекет ретінде қалыптастыра аламыз.
Барлық отандастарыма ашық аспан, денсаулық, адам бақытын және болашаққа деген сенім тілеймін.
Қазақстанның әрбір азаматының болашаққа деген құқығы бар!

Қазақстанның халықтық
коммунистік партиясы ОК хатшысы
Жамбыл Ахметбеков

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.