Блог им. Zhadyra → «АЗҒЫН» ДҮНИЕ ҰСЫНАТЫН ДҮҢГІРШЕК

  • 19 декабря 2011, 16:54
  • Zhadyra
Жадыра САТТАРОВА.

Павлодар қаласының Кутузов көшесімен бойлап, әуежай жаққа қарай өрлей берсеңіз, «Жаяу Мұса» аялдамасын көзіңіз шалады. Бұл жерде газет-журналдарды сататын дүңгіршек жұмыс істейді. Дәл осы маңнан өткен сайын әлгі дүңгіршекке қарап жағамды ұстаймын. Тұрғындарға рухани дүниелерді ұсынатын орын емес, керісінше адамдарды азғындайтын «дүдәмал» дүңгіршек пе деп қаласың. Себебі, мұнда қойылатын газет-журналдарда өңшең тыр жалаңаш қыз-келіншектер мен лыпасыз суретке түскен еркектер бейнеленген…
Жалпы, қала ішіндегі дәл осындай сауда нүктелерінде республикада, облыста жарық көретін мерзімді басылымдар сатылады. Ал бұл жердегі дүңгіршек мүлде өзгеше. Қашан қарасаң, қайдағы-жайдағы нәрселер қаптап тұрады. Тіпті, оқушы балалар әлгі жерге келіп, ілулі тұрған басылымдардағы «керемет» суреттерді тамашалайды. Өздерінше мәз болып, «ананы қара, мынаны қара» дегендей, саусақтарын шошайтып, әрқайсысына үңіліп зер салады. Шынында да, аялдамада тұрған адамды «еліктіретін» бұл дүниелерге кім тосқауыл қояды?!
Сәті түсіп, әлгі дүңгіршектің сатушысымен тілдестік. Оның айтуынша, мұндағы басылымдардың басым бөлігі Ресейдің өнімдері екен. Ал қазақстандық газеттерді тек дүңгіршектің түкпірінен жіті қарап қана таба аласың. Сатушыдан сөреде ілулі тұрған ұятсыз суреттер туралы сұрай бастағанымызда дүңгіршектің терезесін тарс еткізіп жауып алды. Қызықты енді қараңыз. Ертеңгі күні тағы да аталмыш дүңгіршекке барғанымызда әлгі ұятсыз суреттердің бірде-біреуі жоқ. Барлығын алып тастап, орнына әлеуметтік-қоғамдық, саяси басылымдарды іліп қойыпты. Мұны жазып отырғандағы басты себебіміз, өзгенің тауып отырған нанын қызғанып, әшкерелеу емес. Мақсатымыз – мән-мағынасыз, қоғамға пайдасы шамалы, жастарды жат жолға бастайтын басылымдарды тыюға өз септігімізді тигізу.

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.
амортизаторы каяба для хендай;двухместные номера в хостеле во львове;цены на мягкие игрушки в Тюмени