Блог им. Kazakhstanec001 → Халық өз таңдауын жасайды

Барша отандастарымыз 2012 жылдың қаңтар айында өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауын тағатсыздана күтіп отыр. Себебі, бұл маңызды науқан тәуелсіз ел халқының демократиялық таңдауы. Сондықтан да болар, әр түрлі партиялардың сайлауға қатысуларына тең құқық пен еркіндік берілуде. Осыған қарап, Қазақстан демократиялық әрі құқықтық мемлекет екенін тағы бір мәрте аңғаруға болады. Алайда, ел арасында алдағы сайлауға байланысты түрлі алыпқашпа әңгімелер аз айтылып жатқан жоқ, бірақ, оның бәрі бос сөз. Ең бастысы, халық өз қалауы бойынша таңдауын жасайды. Бұл ретте Қазақстан Республикасының тәжірибиесі мол екенін атап өткен жөн. Себебі, бұған дейінгі Парламент Мәжілісінің сайлауларында, тіпті, үстіміздегі жылдың сәуір айындағы кезектен тыс Президент сайлауында да дауыс беру шарасы әділ өтіп, шет елдік бақылаушылардың жоғары баға бергеніне бүкіл қазақстандық куә болған еді. Осы жолғы сайлау да діттеген өз мақсатына жететініне еш күмән жоқ.
Жас мемлекетіміз Тәуелсіздік алғаннан кейінгі небары 20 жылдың ішінде төрткүл дүниеге танылып үлгерді. Бүгінде елдің экономикасы дамып, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы жақсарды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілді. Бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысы, зейнеткерлердің зейнетақысы және басқа да әлеуметтік төлемдердің мөлшері өсті. Жыл сайын білім беру, денсаулық сақтау саласында жаңа нысандар бой көтеріп, пайдалануға беріліп, тұрғындарды қуанышқа бөледі. Жалпы, елімізде мақтанышпен ауыз толтырып айтарлықтай игілікті іс-шаралар көп атқарылуда. Мәселен, былтырғы жылдың соңында Елордамыз Астана қаласында 56 мемлекеттің қатысуымен халқаралық деңгейде өткен Саммит, одан кейін 7-ші қысқы Азиада ойындары – біз үшін тарихта қаларлық таңғажайып оқиға болды.
Міне, осының бәрі — мемлекетте дұрыс саясат жүргізілгендіктің және жұдырықтай жұмыла жұмыс істеген қалың қауымның мызғымас бірлігінің арқасында мүмкін болып отыр.
Осылайша, қай кезде де береке-бірлігімен, сарабдал саясатымен дараланатын қазақ елінде алдағы мәжіліс сайлауы да өз деңгейінде өтіп, елдегі саяси жүйені бұдан да тереңірек ширата түседі деген сенімдеміз.
Жақында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының съезінде сөйлеген сөзінде: «Алда тұрған Мәжіліс сайлауы саяси жүйені модернизациялаудағы маңызды қадам», — деп атап өткен болатын. Сондықтан, халық келер жылдың басында болатын сайлаудан үлкен үміт, жаңашылдық күтеді.

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.