Блог им. Astanay → 3-ші дүниежүзілік соғыс

  • 01 октября 2015, 22:44
  • Astanay
Әр xалықтың тариxта қалыптасқан, өзіне тән көзқарасы бар. Олардың әртүрлілігіне қарай, адамдарда өзарв шиеленістер пайда болады. Олардың кейбіреулері тым іріленіп, соғысқа айналып кетуі мүмкін. Соғысқа әлемнің әр жағынан мемлекеттер қатысса, ол одан да үлкен масштабты алады да, дүниежүзілік конфликтке айналады.
Әлемнің тариxында 2 дүниежүзілік соғыс болған еді. Екеуі де жер мен билікті алу үшін басталған. Соғыстардың бітуімен де, елдердің арасындағы қақтығыстар біткен жоқ. Қазір де кейбір мемлекеттердің бәсекелестері жалғастырылып жатыр. Сондықтан, менің ойымша, 3 дүниежүзілік соғысты болжау қарапайым нәрсе.
Көбінесе бір-бірімен қақтығысатын елдер олар — Америка Құрама Штаттары мен Ресей. Бірінші мен екінші дүниежүзілік соғыстарда олар бір дұшпанға қарсы шықса, олардың бітісімен екеуі де өзіне одақтастарын жинап, қырғи қабақ соғысты бастаған еді. Осы соғыста ірі деген шайқастар болмаса да, бұл мемлекеттер бір-біріне ақпараттық соғысты жариялаған еді. Осының арқасында көптеген мемлекеттер бір-біріне қарсы тұрды. Қазір де осы екі ел ыңғайлы сәтте бір-бірін мықты мүмкіндіктерден айыруға тырысады. Бір-біріне санкцияларды енгіздіруден бастап, басқа екі жанжалдасқан мемлекеттердің көмегіне келіп, бір-біріне қарсы тұруға дейін жетеді. 
Осындай қақтығыстар әруақытта басталуы мүмкін және де әрбір сылтаудың арқасында болуы мүмкін. Сондықтан да әрбір нәрсеге дайын болып отыру керек.

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.