Блог им. Rashitova_Anelya → Бейбітшілік пен конфликт

Қазіргі таңда бейбітшілік пен конфликттің адам немесе мемлекет үшін алатын орны ерекше. Өйткені конфликттің болуы үлкен мәселелерге алып келеді. Кейбір келенсіз жағдайлар ел ішінде болып жатады. Мысалы, соғыстар, терроризм және т.б. Олардың барлығы арам пигылды адамдардың ісі.
Мемлекет ішіндегі ғана болмай, мемлекет арасындағы қақтығыстар да бар. Жалпы конфликттер көбінесе түсінуспеушіліктен пайда болады, адамдардың көзқарастардың бірдей болмауы, сонымен қатар дін, ұлт, жер мәселелері де конфликттің болуына әсер етеді. Палестина мен Израильді мысал ретінде алуға болады. Бұл мәселе негізінде ел арасындағы ғана емес, екі ұлт арасындағы мыңдаған уақыт бұрын туындаған түнбеушілік. Еврейлер мен арабтар өздерінің тарихи жерлерін қаншама уақыт бойы өзара бөлісе алмай, екеуі де дұрыс шешімін қабылдай алмай, жазасыз адамдарға зиян келтіреді. Бұның барлығы халықты трагедиялық жағдайына әкеліп, елдің тағдырына әсер етуі мүмкін.
Әр түрлі мемлекет, отбасы ішіндегі, немесе ел арасындағы қақтығыстар көптеген қасіретті нәтижеге әкеледі. Менің ойымша, барлық адамдар тек өздерін ғана емес, басқаларын да, өздерінің халқын, ұлтын, Отанын ойлауы тиіс. Бейбітшілікте өмір сүрсек, адамдарды құрметтесек, бақытты боламыз, оған қоса, болшаққа үлкен жарық жолын таба аламыз.

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Автор топика запретил добавлять комментарии