blogos.kz → Новости blogos.kz Сәлем достар! Бұл әңгіме әрбір адамның жүрегін елжіретер, толы сезім сыйлайды деп ойлаймын. Өтінемін, әңгімені оқып, өз ұсынысыңызды қалдырыңыз. Алдын ала рақмет!

Бірінші, екінші, үшінші тамшы… Бірінен соң бірі ағып тұр. Жарты сағат өткен соң бұл сіркіреп жауған жаңбыр, құйынға айналды. Көшенің барлығын жаңбыр суы қаптады. Ауруханадағы төртінші қабаттың екінші бөліміндегі, 18 палатада түн қанатын жайғалы бері шам жанып тұр. Ешбір қозғалыс байқалмайды. Бөлмеде тек анасы мен қызы бар. Анасының көзінен тура жаңбыр тамшылары секілді бірінен соң бірі ағып жатыр. Осы көріністі бақылап отырып ұйықтап кетіппін. Бір сәтте күннің күркірегенінен оянып кетіп әрі қарай ұйықтай алмадым. Түн ішінде осы ана мен қыздың басынан өткен оқиғасын есіме түсіріп отырдым. Барлығы да үш жыл бұрын басталған еді. Әсел ол кезде он бір жаста болған еді. Әсел анасының жалғыз тірегі, демі. Оның анасында Әселден басқа ешкімі де болған жоқ. Әсел қарапайым қыз болатын. Әртүрлі мерекелерде билеп, сабағын да жақсы оқып анасының мақтанышы болды. Бір күні мереке кезінде Әселдің басы қатты ауырып, мұрнынан қан аға бастады. Ол шошып кетіп, анасына барлығын да айтып берді. Анасы қызын жұбатумен болып ешқандай шошудың қажеті жоқ деп айтты. Алайда бұл тағы да бірнеше рет орын алды. Әсел әлсірей бастады. Анасы өзінің жалғызының денсаулығының өз көз алдында нашарлап бара жатқанын көріп, қызын ауруханаға апару керек деп шешті. Қызы мен анасының ауруханаға келген күні менің ең бірінші жұмыс күнім болатын. Мен, Асыл Таңатовна, Астана қаласындағы ең үлкен ауруханасының дәрігерімін. Ісіктен зардап шегіп жатқан кішкентай балалар мен жасөспірімдерге медициналық көмек көрсетемін. Күн сайын адамдардың қайғысы мен көз жасын көретінімді білдім. Мен тек қана қалайда болсын өз қол ұшымды науқастарға созғым келеді. Сонымен менің бірінші күнім де Әсел ауруханаға келіп, өзінің қалпын дәрігерге сипаттап, дәрігерлер сараптама тапсырсын деп айтты. Сараптама қорытындысын маған тапсырды. Мен оларды зерттей келе, кішкентай қыздың денесінде қатерлі ісіктің дамып келе жатқанын байқадым. Байғұс қыздың жасы небәрі он бірде. Ал ол ісікке шалдықты. «Мен оларға оны қалай айтамын? Кішкентай қыз бұны қалай түсінеді?» деп, сол кезде менің менің басымда осындай сұрақтар толып тұрды. Қандай да бір жолмен, мен өз бойыма күш жинап, олармен сұхбаттасу үшін, бөлмеге кірдім. Әсел атты қызға оның ауруын мен «кішкентай балалар тілінде» түсіндіруге тырыстым. Әсел бірден мені түсінгендей болып, маған осы ауруды жеңуге уәде берді. Осы сәтте мен өз көз жасымды әзер жасырып тұрдым. Үшеуіміздің арасында тек қана Әсел күштірек болып шықты. Оның анасы мен өзім, сезімдерімізді әрең-әрең өз ішімізде сақтадық. Келесі күні бірден Әселді жатақханаға жатқыздық. Оған арнайы бөлме таңдап, безендіріп, қойдым. Әселдің жүзінен ешбір кері эмоция байқалған жоқ. Қуанышты әрі әлді Әсел, өз бөлмесіне тез жайғасып, аурухананың ережесін, емдеу процедураларының тәрібін тез жаттап алды. Осылайша ол ауруханаға көзді ашып жұмғанша жайғасып алды. Бір күні түнде мен Әселді көріп қайтпақшы болдым. Есіктен сығалап қарап едім, Әсел дыбыссыз жылап, төсектен терезедегі жұлдыздарға қарап жатыр. Мен оны түсінемін, кіп-кішкентай болып, жазықсызауырып қалды. Әттең ол ертерек келгенде ғой, ісікті бірдег жазуға болушы еді.
Біраз күн өткеен соң, біз процедураларды жасауды бастадық. Химиотерапия, томография, сан түрлі емдеу тәсілдері. Барлығы да Әсел үшін. Осы күндер ішінде Әсел маған өз қызымдай болып кетті, оның емделуге деген құштарлығы мені таң қалдыра бастады. Жатақханада ол өзіне достар тауып, әр күн сайын көңіл көтерді. Алайда, ішкі қайғысын, ешкімге де айтпайтын. Осылай екі жарым жыл зымырап өтті. Бірақ Әсел әлі жазылған жоқ. Бір жақсысы, оның ісігінің үлкеймегені. Сол күні Әсел ерекше көңілді, айналаны өз қуанынышымен шаттандырып жүр. Кешке жақын, ол өзін нашар сезе бастады, басы айналып құлап, енді реанимацияға дейін жетті. Қыздың хәлі күрт нашарлап кетті. Әсел ессіз өте ұзақ жатты, айлар өте келе анасы өз үмітін үзе бастады. Бірақ бүгін Әсел көзін ашты, ол көп ай бойы нашар халде жатып, тек бүгін оянды. Үмітін енді үзейін деген кезде, оның жалғыз тірегі дүниеге қайта оралғандай болды. Әлемде ғажайып бар екен. Сонша уақыт өткенне кейін осындай таңқаларлық оқиға орын алды. Қазір менің көзіме жас та келді. Әсел екеуіміз үш жыл бойы ісіктен арпалыстық, соңғы айлар біз үшін үлкен азап болды, ал қазір ол көзін ашты. Мен Әсел екеуіміз ісікті міндетті түрде жеңеміз деп сөз беремін!

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.