Авторские стихи → Авторские стихи

Неге маған сұқтана көп қарадың
Алғандайын бір қарып от жанарың.
Құр бекерге басымды салма әлекке
Шын сезімнен болмаса еш хабарың.
Салмағайсың,өтінем, мені әуреге
Керегі жоқ ойының маған мулде.
Ойнақтап от басатын жаста емеспін,
Келген шағым жиырманың сегізіне.
Дейсің бе ғашық болып қалдым саған,
О, Алла, бұ не сезім лапылдаған?
Мүмкін бе бір көргеннен сүйіп қалу,
Қалай оны түсіндің, айтшы маған?
Деген ем жігіт әлгі үн қатпады,
Тайдырып және әлек қос жанарды.
Ғашықпын деп, о пәлі,қутыңдап ед
Суытып ізін ақыр кете барды.

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.