Авторские стихи → Авторские стихи

Өтті аттай он екі жыл
Мен ауылдан кеткелі.
Бағдарлаймын жай-күйінде
Жүріп елден шеткері.
Асқаным жоқ шет ел, бірақ...
Жүргендеймін бөгде елде.
Алып шаһар дала қызын
Жалмағандай бір демде.
Тұншығамын ауасына
Тыныс ашар леп қайда.
Қолды сілтеп, тартсам ба екен
Туып-өскен Торғайға!

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.