Авторские стихи → Авторские стихи

Жанымды жеген бір жайт бар,
Шешімін қайтсем табармын.
Сені іздеп балаң шарқ ұрса,
Нендей жауап қайтардым.
Не дейін айтшы. Жауап қат деймін. Не дейін?
Тағдырға балап не түссе басқа көнейін.
Ал, бейбақ ұлдың, жаныштап, жанын сыздатқан,
Жарасын айтшы, әкесі, қайтып қана емдейін?
Қатпады жауап. Ендігі сол бір сұрақ
Алары ойып орын санамнан хақ.
Тәңірім, сұранамын. Қарғам үшін көп көрме,
(Жетімек сөзін құдайым, естірте көрме, естіртпе) 
Ақ жолды болып ылайым, періштелері жебесін,
Жанары мұңға малынып, тірі жетіммін демесін! 

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.