Авторские стихи → Авторские стихи

Мен өзім адамдарға сенгіш келем,
Түсі игіден қазақ тегі түңілмеген.
Бақыр тиын құны жоқ жезді-дағы
Алтынменен шатастырып жүрмін білем.
Мен өзім адамдарға нанғыш келем,
«Түсі игіден түңілмес»,- дейтін шешем.
Заман, яки адамдар өзгерді ме
Сайқалсу, алдап-арбау өрендеген.
Жасадым ба қиянат бір адамға?
Өз басыма келер деп алда-жалда.
Жылы жүзді дидарды көрсем болды-ақ
Дос деп құшақ айқардым, ол жаман ба?
Сендім. Сенем. Сенгіш келем бәріне,
Деген шешем «Түсі игіден түңілме»
Ақ дастарқан жайып, адал қонақ қып,
Қызмет етем жібі түзу пендеге.
Арам пиғыл сезсем бірақ айналам
Тікенегін қорған қылған кірпіге.
 

Комментарии (0)

RSS свернуть / развернуть

Только зарегистрированные и авторизованные пользователи могут оставлять комментарии.