Блог им. Sandu → Почему чиновники городского акимата Алматы скрывают об арендых жильях?

Чиновники городского акимата Алматы почему скрывают об арендых жильях? Краткая содержание моей статьи об арендых жилях: 2009 году из республиканского бюджета было выделено 595 млн. тенге для строительство в городе Алматы арендные жилья. ...
  • 10 марта 2010, 12:51
  • Sandu
  • 0
  • 1

Блог им. Sandu → Что знаем о арендных жильях?

В Алматы построены арендные жилья, но городское управление жилья и акимат города Алматы скрывает это от народа. На мои запросы и во время интервью они дали ложные сведения и скрывали факты о арендной жилье. Значит это нарушение «Закона о коррупции РК». Статья 12 пункт 7-ой. Я обратилась в КНБ, финансовую полицию, даже депутату Парламента Нуртаю Сабилянову. Лед не тронулся, ничего не происходит. Что мне сделать не знаю? Я пишу статью на казахском языке, по профессии журналист, В своем практике сталкивалась беззаконием. Чиновники ворует государственные деньги и государственные жилья. Но это никого не волнует. Я поняла одно. Если мы сами не будем «быка за рога держать», тогда ничего не добьемся. Я надеюсь, что найдется единомышленники и мы начнем борьбу против коррупционеров в сфере управления жилья. Мой девиз — государственные жилья народу....
  • 01 марта 2010, 13:16
  • Sandu
  • 0
  • 5

Блог им. Sandu → Жалгерлік 160 пәтерді халықтан неге жасырады?

Мақаланың жалғасы 2009 жылдың бірінші тоқсанында жаңадан салынған 16 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді Талғат Темірханұлы, Алматы қалалық құрылыс басқармасының өндіріс бөлімінің бастығы Дағдарыс кезінде мемлекеттік бағдарламалармен салынып жатқан тұрғын үйлерге қаржы уақтылы бөлініп тұра ма? —2009 жылы екінші қайтара несиелендіру қаржысының есебінен ипотекалық тұрғын үй құрылысына 6 млрд. теңге бөлінді. Ал жалгерлік тұрғын үй құрылысына 595 млн. теңге бөлінді. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысына 925 млн. теңге бөлінді. Бағдарламада көзделген нысандардың бәрі салынып жатыр, тоқтап тұрған жұмыс жоқ. 2009 жылы қанша пәтер салып өткіздіңіздер, оның ішінде жалгерлік үйлерге де тоқталып өтсеңіз. Сонымен бірге, қазіргі соғылып жатқан пәтерлердің көлемі қандай? — 2009 жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға берілген үйлер: 273 пәтерден тұратын көп қабатты 7 тұрғын үйді, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша 169 пәтерлік 5 тұрғын үйді, ал жалгерлік тұрғын үй бағдарламасы бойынша 160 пәтерлік 4 тұрғын үйді қалалық тұрғын үй департаментінің қарамағына өткіздік . Қазіргі пәтерлердің бір артықшылығы кеңдігінде. Бір бөлмелі пәтер 39,4 шаршы метр, екі бөлмелі пәтер 64 шаршы метр болып салынуда. Талғат Темірханұлы, Алматы сейсмикалық қатерлі аймақ болғандықтан салынған тұрғын үйлер жер сілкінісіне төтеп бере ала ма? —Алматы 9-10 баллдық жер сілкінісі болуы ықтимал аймаққа жататындықтан, тұрғын үйлерді соған есептеп саламыз. Сондықтан да ғимараттар жер сілкінісі кезінде адам сыртқа шығып үлгере алатындай уақытқа есептелген. Зілзала бола қалған жағдайда адамдар үйіндінің астында қалмай сыртқа шығып үлгереді. Тұрғын үйлер 9-10 баллға төтеп береді деп өтірік айта алмаймын. Ондай құрылыс нысаны әлі күнге ешбір мемлекетте салынған жоқ. Алматы қалалық құрылыс басқармасының өндіріс бөлімінің бас маманы Ғазиз Айманбеков: Көкжиек шағын ауданындағы 1365 пәтерді Алматы қалалық тұрғын үй департаменті бізден қабылдап алды Көкжиек шағын ауданында несиелік, жалгерлік пәтерлердің бірқатары салынып біткенін, жартысы әлі де салынып жатқанын білгеннен кейін Алматы қалалық құрылыс басқармасының өндіріс бөлімінің бас маманы Ғазиз Жетпісбайұлы Айманбековпен бірге құрылыс нысанына фото тілші Қанат Асқармен барып өз көзімізбен көріп қайттық. Көкжиек шағын ауданына көлікпен бара жатып, жолай алдымыздан салынып жатқан мектеп пен емхананы көрдік. Мақсатымыз жалгерлік үйлерді көру еді, енді міне қаздай тізілген 6 қабатты үйлердің қасында тұрмыз. Аулаға балалардың ойын алаңын жасап, талдың көшеттерін егіп, асфальттап қойыпты. Жаңа салынған пәтерлердің бірінің ішіне ендік, олар негізінен бір және екі бөлмеден тұрады екен. Бөлмелердің іші ақталып, еденіне линолеум төселіпті. Қажетті құрал-жабдықтар орнатылыпты. Атап айтсақ, газ плита мен газды есептейтін құрал, қол жуғыш және ванна бәрі сақадай сай тұр. Ғазиз Жетпісбайұлы, Көкжиек ауданында неше үй салынып дайын тұр? — Көкжиек шағын ауданында 62 тұрғын үй салынған, соның 36-сын мемлекеттік қабылдаудан өткізіп, тапсырдық. Үйлердің бәрі дайын тұр. Тапсырған 36 үйдің жалпы көлемі 99 мың 167,8 шаршы метр. Ал пайдалы көлемі 71 мың 177,3 шаршы метр. 1365 пәтерді Қалалық тұрғын үй басқармасы бізден қабылдап алды. Ал қалған 26 үйдің құрылысы әлі жүріп жатыр. Осы 26 үйдің алтауында ішкі көріктендіру жұмыстары жүріп жатыр. 62 үйдің барлығына инженерлік желілер түгел келіп тұр. Газ құбыры, ауыз су құбыры тартылып, үйге қосылған. Мәселен, мұнда қазір Мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтерді несиеге алған адамдар осы үйлерде тұрып жатыр. Электр жарығы да ыстық-суық суы да бар. Көкжиек шағын ауданындағы 26 үйді қашан бітіріп, тапсырасыздар? —26 үйді күзде салып бітіреміз, ал жыл аяғына дейін оған адамдар қоныстануы тиіс. Олардың жалпы көлемі 62230,14 шаршы метр. Ал пайдалы көлемі 42968 шаршы метр. «Көкжиекте» барлығы 2221 пәтер салынып жатыр. Қазір үйлер суға, газға қосылмаған және электр тогының есептегіш құралы орнатылған жоқ. Тұрғын үй департаменті тұрғындарды қоныстандырмай тұрып, үш күн бұрын бізге ескертеді. Біз үш күннің ішінде үйлерге, су, газ жіберіп, электр тоғын қосамыз және есептегіш құралын орнатамыз. Әңгімеңізге рақмет! Көріп отырсыздар Қалалық тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Болатбекұлы Тұрысбековтың газетімізге жалған мәлімет бергенін. Осы мәселені нақтылау мақсатымен тағы да сол кісінің қабылдауында болдым. Диктофонға жазылған сұхбатты еш өзгертусіз назарларыңызға ұсынамын. Қуатбек Болатбекұлы, жалгерлік үйлерге байланысты сіз: «Олар әлі салынып біткен жоқ, Алматы құрылыс басқармасы әлі өткізген жоқ», — деп айтып едіңіз ғой. Сосын мен Алматы құрылыс басқармасына барып, сұхбат алған едім. Олар: «Біз үйлердің бәрін бірінші тоқсанда өткізіп қойғанбыз», — дейді. —Да, ну Сосын сол үйлерге барып, өз көзіммен көрдім. Фотоға түсірдім. Міне, мына үйлер, фотосына қараңыз. —Оны маған неге көрсетіп жатырсың? Ішіне дейін кіріп, бәрін тексердік. —Убери это. (фотоларды убери деп жатыр). Өткізсе кісілерге бермейміз бе, оны неменеге сақтап отырмыз. Очередте 17 мың адам тұр. Ойлашы өзің, (Даусын көтеріп, ашулана) бермейміз бе? Оны неменеге ұстаймыз? Зачем они нам нужны? Солить что ли? Тұздаймыз ба? Ерунда какая та. Мен Алматы құрылыс басқармасына: «Алматы қалалық тұрғын үй департаменті үйлер дайын емес», — деп айтқан дедім. —Оны неменеге қазымырлап жүрсің? Зачем это тебе? Не үшін керек? Үйсіз-күйсіз жүрген адамдар көп. Өзім де үйсіз-күйсіз жүрген жетім-жесірдің бірімін. Үйлер мұқтаж халықтың қолына тимейді. Прокуратура тексеріпті анау тамырына, мынау танысына кетіп қалыпты деп ылғи естіп жатамыз. —Біз ол үйлерді әлі алған жоқпыз. Оны бізге ешкім өткізген жоқ. Жалға берілетін үйлер бізде әлі жоқ. Үйлердің бәрі дайын тұр екен. — Дайын болғанда оның несі дайын? Онда біз неге оны бермейміз? Сен не пәле іздеп жүрсің? Мен пәле іздеп жүрген жоқпын. —Сен пәле іздеп жүрсің, бостан-босқа. Сен өзің күйіп кетесің ғой. Жоқ мен күймеймін. Менің сұрағыма жауап хат келген. Онда: «Бірінші тоқсанда 160 жалдық үйді бердік, 169 ипотекалық үйді бердік», — деп жазылған. Құрылыс басқармасы: «Оның бәрі дайын, кіруге үш күн қалғанда қосып береміз. Жанында несиеге үй алған адамдар тұрып жатыр», — деді. — Оның бәрі өтірік. Ешкім де үш күннің ішінде қосып бермейді. Ол үйлер дайын сықылды болып тұр, бірақ дайын емес. Зачем мне 106 квартир держать? Қайда жіберемін мен оны? Біреуге тығып беремін бе, не істеймін мен оны? Міне, осы жағы мен де білмей дал болып отырмын. —Строительдер: «Біз бердік, былтыр жылдың аяғанда беріп тастадық», —деп айтады. «Камазцентрді» біз ноябрьде қабылдағанбыз. Әлі кісілерді кіргізе алмаймыз. Себебі, су жоқ, жылу жоқ болғаннан майдан бастап кісілерді кіргізіп жатырмыз? Ал олар үйді декабрьде өткізіп тастаған. Сен білесің бе, бізде қандай жағдай? Нам охота, чтобы біздің артымыздан екі мың адам еріп жүргені. Өзіңіз Көкжиектегі үйлерге барып көрдіңіз бе? —Конечно көрдім, вместе с акимом четыре дома заселял. Заселили, через два дня ни воды, ни света, ни канализаций. Әкім болғанда су бар, екі күннен кейін су жоқ. Оказывается времянка болған. Содан кейін бізге 200 адам келіп, КТК-ны алып келіп айғай-шу шығарып жатыр. Қуатбек Тұрысбекұлының жалған мәліметі тағы да өрге шаппады Осы оқиғадан кейін мен Алматы қалалық құрылыс басқармасының бас маманы Ғазиз Жетпісбайұлы Айманбековке хабарласып, ыстық су, суық су канализацияның бар-жоғын сұрағанымызда: «Қазір Көкжиек шағын ауданында пәтерді несиеге алған 600 отбасы тұрып жатыр. Олардың суы да, жылуы да, канализациясы да бар. Егер Көкжиек шағын ауданында жағдай жасалмаса, адамдар қалай тұрып жатыр дейсіз? Сәуір айында су құбыры жарылып 1-2 күн су болмағаны рас, бірақ біз оны тездетіп жөндеп, ретке келтірдік. Тұрғындар шағымданған жоқ», — деген жауап алдық. Көкжиек шағын ауданындағы жалгерлік үйлерді Алматы қалалық тұрғын үй департаменті неге жасырып отыр деген сауалға әлі күнге жауап таппай отырмыз. Тоқ етерін кім айтып, нүктесін кім қояр екен?...
  • 14 февраля 2010, 14:28
  • Sandu

Блог им. Sandu → МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ПӘТЕРЛЕР МҰҚТАЖ ХАЛЫҚҚА БЕРІЛСІН!

МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫНДАҒЫ ПӘТЕРЛЕР МҰҚТАЖ ХАЛЫҚҚА БЕРІЛСІН! Мен, Сандуғаш Серікқали, мемлекеттік тұрғын үй қорындағы пәтерлердің пара арқылы тамыр мен танысқа үлестірілуіне қарсымын. Осы саладағы жемқорлықпен күресуге бел будым. БАСПАНАСЫЗДЫҚ — қазақтың басындағы ҚАТЕРЛІ ДЕРТКЕ айналды. Екі-үш үйі бар адамдар қалауын тауып тегін пәтердің төртіншісін алып жатыр. Ал қарапайым халық 20 жыл бойы кезекте тұрып, жалғыз пәтерге де қол жеткізе алмай келеді. Сол үшін бұл салаға халықтық бақылау орнату керек. Қалай дейсіз бе? Интернеттегі менің осы блогыма пәтердің кезегінде тұрып үй ала алмай жүрген адамдар өз бастарынан өткен заңсыздықтарын ашық айтып, жазып жіберсін. 1. Қанша жыл кезекте тұрсыз, жыл сайын кезегіңіз қалай жылжиды? 2. «ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 78-бабына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй алу есебінде тұрған адамдардың тізімі, сондай-ақ, мемлекеттік тұрғын үй қорынан соңғы 24 ай ішінде тұрғын үй алған адамдардың тізімі, осы тізімдерде тұрған адамдардың талап етуі бойынша танысу үшін берілетіні көзделгенін атап өтеміз. Мұндай тізімдердің нысанына отбасының құрамы, есепке қойылған уақыты, тұрғын үй алуға арналған негіздер және оның көлемі, тұрғын үй берілген уақыт туралы мәліметтер міндетті түрде енгізілуі тиіс. Яғни, заң бойынша екі жыл ішінде кімдердің қандай себеппен үй алғанын біздің білуге құқымыз бар болғанмен мұндай ақпаратты сұрасаңыз, сізге ондағы шенеуніктер көрсетпейді. Сондықтан біз осы заңның орындалуына қол жеткізуіміз керек. Қол жеткізсек бәрі жариялы түрде болады. 3. Қолыңызда тұрғын үй саласында болып жатқан заңсыздықты әшкерелейтін қандай факт бар? Соны бәрін интернетте жариялап, жемқорларды әшкерелеп отыруымыз қажет? Өз ісін асыра пайдаланып, шектен шыққан шенеуніктерді де әшкерелеуіміз қажет. 4. Әзірге интернет блокқа материалдар жариялап, мүдделес адамдардың тобын құруымыз қажет. Бәрі дайын болғанда бір жерге бас қосып, заңды құқығымызды жемқор шенеуніктерден талап ететін боламыз. Жалғыз адамның үні шықпайды, біз көп болсақ үлкен күшпіз, ортақ мақсатымызға қол жеткіземіз. Біздің мақсатымыз ӨЗ ОТАНЫМЫЗДА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР СҮРУ, МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІН, ХАЛЫҚ ИГІЛІГІН ХАЛЫҚТЫҢ ӨЗ ҚОЛЫН БЕРУ. Менің қолымда Алматыдағы Көкжиек ауданында салынған жалгерлік үйлер туралы мағлұмат бар. Сол үйлердің мұқтаж халыққа берілуі үшін күресемін. Көкжиек ауданында салынған мына жалгерлік үйлер: №39 үй 26.02.2009 жылы, №40 үй 26.02.2009 жылы, №43 үй 03.03.2009 жылы, №44 үй 03.03.2009 жылы мемлекеттік қабылдау комиссиясынан өтті. Біздің қолымызда «Салынған нысанды пайдалануға қабылдау туралы мемлекеттік қабылдау комиссиясының №17, №18, №26, №27 актісі бар. ЖАЛГЕРЛІК ҮЙЛЕР КІМГЕ БҰЙЫРАДЫ? МҰҚТАЖ ХАЛЫҚҚА МА, ӘЛДЕ ТАМЫР МЕН ТАНЫСҚА МА? Сандуғаш Серікқали Алматы қаласының тұрғын үй департаменті Көкжиек ықшам ауданындағы жалгерлік тұрғын үйлердің 2009 жылдың бірінші тоқсанында салынып біткенін неге жасырып отыр? Мемлекеттің ақшасына, халық игілі үшін салынған үйлер неге иелерін таппай әлі күнге бос тұр? Осы сауал мазалаған біз тиісті жерлерге хат жаздық, мамандарға жолықтық. «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газетінің 23 сәуірдегі №16 санында жарияланған «Жалдық пәтерлер қолымызға қашан тиеді?» деген сұхбатында Алматы қалалық тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Болатбекұлы Тұрысбеков міз бақпастан мынадай жалған мәлімет берді. Сұхбаттан үзінді келтірейік: «Қуатбек Болатбекұлы, 2009 жылы қанша адамға жалдық пәтер беруді жоспарлап отырсыздар? — Жыл аяғына дейін 160 адамға жалға үй беруді қарастырып жатырмыз. Осы мақсатқа үйлер салынып жатыр. Бірақ, сол үйлердің барлығы салынып біте ме, ол халықтың қолына тие ме, ол жағына біз жауап бере алмаймыз. Өйткені, құрылыс мәселесімен Алматы қаласының құрылыс басқармасы айналысады», — деген еді. Яғни, бұл жерде қолданысқа беретін үй жоқ дегенге саяды. Осындай жауаптан кейін келесі ат басын Алматы қалалық құрылыс басқармасына тіредік. Өндіріс бөлімінің бастығы Талғат Темірханұлы Райымбаевқа жолығып, әңгімелескеннен кейін Қалалық тұрғын үй департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Болатбекұлы Тұрысбеков газетімізге жалған ақпарат бергендігіне көзіміз жетті. Бұл дегеніңіз Қ.Б.Тұрысбековтың «ҚР Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңындағы 12-бабтың 7-тармағын бұзып отыр деген сөз. Осы оқиғаға қатысты Алматы қаласының әкімі А.С.Есімовке хат жазған едік, бірақ ешқандай жауап ала алмадық. Атам қазақ «Жау кеткен соң, қылышыңды тасқа шап», — дейді. Бұл үйлер әлі қолды бола қойған жоқ заңды жолмен мұқтаж халыққа беруге мүмкіндік бар. Осы мәселемен ҚР Мәжілісінің депутаты Н. Сабиляновқа, ҚР Есеп комитетінің бастығы Омархан Өксікбаевқа, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне хат жолдадым. Бірақ, ешқандай нәтиже жоқ. Олар заңның бұзылғанын, сол үйлердің қолды болғанын күтіп тыныш отыр. Бұл барып тұрған бассыздық. Басты мақсат мемлекет қаржысын талан-таражға салған адамды түрмеге қамау емес, мемлекет қаржысын, мүлкін ұрлауды тоқтату, оның алдын алу. Соны құзырлы орынның мамандары түсінбегені өкінішті-ақ. Қазақстанның түрмелеріне адам сыймай жатқанда қылмыскерлерді түрмеге қамаудан гөрі, қылмыстың алдын алу тиімді болмақ. Қазіргідей дағдарыстың қиыншылығына қарамастан: «Халқым баспаналы болсыншы, жағдайы түзелсінші», — деп республикалық бюджеттен жалгерлік үйлер салуға 595 млн. теңге қаржы бөлдірген, тапсырма берген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзін құлаққа ілмеген Алматы қаласының әкімшілігіне не деуге болады? ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың халыққа Жолдауындағы: «Біз жалгерлік тұрғын үй нарығын әлемдік стандарттарға сәйкес дамытуымыз қажет және де оны мемлекет үшін ашық (прозрачный), ал бизнес үшін мүдделі етуіміз қажет», — деген тапсырмасын неге Алматы қаласының атқарушы билігі жүзеге асырмайды? Неге Елбасымызға қарсы шығады? Халықтың қамы тек Елбасына ғана қажет пе? ЕСКЕРТУ: Дәл қазір Алматы қалалық тұрғын үй басқармасының бастығы болып Қ.З.Нұрқаділов тағайындалды. Ал Қ.Б. Тұрысбеков өз қызметінен босатылып, басқа жұмысқа ауыстырылды. Қ.Б.Тұрысбековты басқа жұмысқа ауыстыру арқылы Тұрғын үй басқармасы заңсыз әрекеттерін жабуға тырысып бағуда. ...
  • 14 февраля 2010, 14:02
  • Sandu