Поиск по меткам ↓



Блог им. Ana_mama → ҚАРТ АНАСЫН ҚОРЛАҒАН БЕЗБҮЙРЕКТІҢ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСЫРҒАН ПРОКУРАТУРА МЕН ПОЛИЦИЯНЫ СОТҚА БЕРЕМІН

СЕНСАЦИЯ Почта: Sandu_1212@mail.ru ҚАРТ АНАСЫН ҚОРЛАҒАН БЕЗБҮЙРЕКТІҢ ҚЫЛМЫСЫН ЖАСЫРҒАН ПРОКУРАТУРА МЕН ПОЛИЦИЯНЫ СОТҚА БЕРЕМІН Полиция қызметкерлері бала мен ананың арасына түспейміз, Алмагүл Серікқалиева Медетованың туған қызы болғандықтан оның қарт ананы қорлауына болады деген уәж айтады. Алмагүл Серікқалиева Медетованы өлтірген кезде ғана барып іс қозғаймыз дегенді айтып отыр. Құқық қорғау органдарының осы пікірімен сіздер келісесіздер ме? «Ауруын жасарған өледі», — дейді халық даналығы, бүгін мен ішімді жалын боп өртеген дертімді жария ете отырып, өздеріңізден рухани қолдау күтемін. Туған анасын қорлаған бейзбүйректің заңсыз әрекеттерін қолдап, қарт ана Медетованы қорлауға атсалысып жатқан полиция мен прокуратура қызметкерлерімен күресуге бел будым. Бостандық аудандық прокуратура мен полицияның үстінен сотқа шағым түсіремін. БҰЛ ҚАЗАҚСТАНДА БОЛМАҒАН СЕНСАЦИЯ. Халық қолдаса, сотта жеңетініме сенімдімін. «Бірлік бар жерде тірлік бар», — демекші, менің интернеттегі блогыма кіріп, өз пікірлеріңізді айтып, дем берулеріңізді сұраймын. Сонымен бірге сот процессі кезінде келіп, мені қолдайды деп үміттенемін. Қарт ананы қорлаған Алмагүл Серікқалиеваның бүкіл заңсыз әрекеттері жайлы айғақтар, бейне және дыбыс жазбаларды, құқық қорғау органдарына шағымданған арыздың үлгісін назарларыңызға ұсынып отырмын. Мен аудандық, қалалық прокуратура мен полицияға, тіпті Бас прокурор Қайрат Мәми мен Жоғарғы соттың төрағасы Мұсабек Әлімбековке дейін шағымдандым, ешқандай нәтиже болмады. Енді жағдайды қысқаша баяндап берейін. Алмагүл Серікқалиева 2007 жылдан бері анамыз Медетова Күлбарашты пәтерден қуып шығу үшін небір айла-тәсілдер жасап бағуда. 2002 жылдың 14 тамызында отбасының игілігі үшін туған сіңілім Алмагүл Серікқалиева және мен, яғни Сандуғаш Серікқалиева екеуміз бірлесіп Әл Фараби көшесіндегі №71/13 69 пәтерді алған едік. Мен туысыма, отбасыма көмектескендіктен өзімнің көмегімді, іс-әрекетімді ешқандай құжатпен рәсімдеген жоқпын. Әл Фараби көшесіндегі №71/13 69 пәтерді алған күннен бастып бүкіл отбасымен бірге тұрдық. Пәтердің төлемақысын Сандуғаш Серікқалиева төлеп тұрды. Алайда, Алмагүл Серікқалиева пәтердің өз атына жазылғандығын пайдаланып 2007 жылы сәуірде Бостандық аудандық сотына бізді үйден шығару туралы шағым түсіріп, 2007 жылдың 28 маусымында Бостандық аудандық соты Серікқалиева Сандуғашты үйден шығару туралы шешім шығарды. Ал анамыз Медетова Күлбарашты Бостандық аудандық соты отбасы мүшесі ретінде танып, сол тұрып жатқан пәтерінде қалдырды. Сот шешіміне орай Сандуғаш үйден кетті. Алайда, ерекше ескертіп айтамын, Алмагүл Серікқалиева мұндай сот шешіміне қанағаттанбай, балалары жоқ кезде қарт анамыз Медетова Күлбарашқа зәбір көрсеткен. Анамыз Медетова Күлбараш тұрып жатқан 12 шаршы метрлік бөлмеге 2007 жылдың 16 қазанында сағат 16-лар шамасында есікті бір теуіп кіріп, ұрыс шығарып, анамызды қорлаған. Медетова көмек сұрап полиция шақыртады. Алайда, Бостандық аудандық полиция қызметкерлері қорғансыз қарт ананы қорғағанның орнына Алмагүлмен бірлесіп алып, қарт анаға қысым көрсетіп, жала жауып, қылмыстық жауапкершілікке тартпақ болады. Осы орын алған жағдайға байланысты Бостандық аудандық прокуратурасына 02.11.2007 жылы шағым түсірдік, прокуратура қызметкерлері полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекетін тоқтатты. Осыдан кейін 2009 жылдың сәуір айында Алмагүл Серікқалиева екінші мәрте Медетова Күлбарашты, Сандуғаш Серікқалиеваны үйден шығару туралы Бостандық аудандық сотына талап арыз береді. (Осының алдында Алмагүл пәтерінің бір бөлмесін Сандуғашқа жалға беріп, тұруына рұқсат берген еді.) Бостандық аудандық соты 15.05.2009ж. шешім шығарып, 2007 жылы шығарылған сот шешімін күшінде қалдырады. 2009 жылдың 20-шы шілдесінде сот орындаушыларының көмегімен тағы да Сандуғаш Серікқалиеваны үйден шығарады. ПОРОДОКС МЕНІ, САНДУҒАШТЫ ҮЙДЕН ШЫҒАРУ ҮШІН ЕКІ РЕТ СОТ ПРОЦЕССІ ӨТТІ. АЛ ҚАРТ АНА МЕДЕТОВАНЫ ӨЛТІРУ ҮШІН ШАБУЫЛ ЖАСАСА ДА, ҚАРТ АНАНЫ ҮЙГЕ ҚАМАП ҚОЙЫП ҚОРЛАСА ДА, ЕСІГІН БАЛТАМЕН ШАУЫП КІРІП, ТУҒАН АНАСЫНА ҚАРАҚШЫЛЫҚ ШАБУЫЛ ЖАСАСА ДА, СОТ ШЕШІМІНЕ ҚАРСЫ ШЫҒЫП ОНЫ ҮЙДЕН ҚУЫП ШЫҚПАҚ БОЛСА ДА АЛМАГҮЛДІҢ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ӘРЕКЕТТЕРІНЕ ҚАТЫСТЫ ЕШҚАНДАЙ СОТ ПРОЦЕССІ БОЛҒАН ЖОҚ. НЕГЕ? 2007 жылы Сот шешімі шыққаннан кейін бір жыл бойы Алмагүл Серікқалиева анамыз Медетова Күлбарашпен араласуымызға, анамызға келуімізге тыйым салды. Келген сайын ұрыс-керіс шығарып, полиция шақырып, айқай-шу шығарды. Мұндай қоқан-лоқыдан кейін анамыз К.Медетоваға келмейтін болдық. Алмагүл Серікқалиева өзінің осындай озбыр қылығымен анамыздың бүкіл құқын аяққа таптап, зәбірлеумен болды. Тіпті анамыз ауырып қалған кезде халін білуге де келе алмадық. Ауырып жатқан анамыз Алмагүлдің дөрекі айғай-шуын естімесін дедік. Анамызға тек қаржылай ғана көмектескеніміз болмаса, асырап-бағауға және қамқорлық жасауға Алмагүл Серікқалиева мүмкіндік бермеді. Осылайша анамыздың заңмен берілген құқын шектеді ҚР «Неке және отбасы» туралы заңның «Кәмелетке толған балалардың ата-аналарын асырап-бағу жөнiндегi мiндеттерi» деген 131-бабының 1-тармағын, ҚР Конституциясының 17, 18 баптарын, ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 22-бабын өрескел бұзды. Заң бойынша Отбасы мүшесі болып табылатын Медетова тұрғын үйді меншік иесі А. Серікқалиевамен бірдей пайдалануға құқылы. Бірақ, Медетованың осы құқықтарын шектеген, Алмагүл Серікқалиева оған зорлық-зомбылық көрсетуін қояр емес. Анамыз Күлбараш Алмагүлді өсіріп-жеткізді, алақанына салып аялады, ал қартайғанда өзінен туған бала қорлап, иянаттап, үйінен қуып жатыр. Тіпті Алмагүлдің анамыз Медетованы қорлағаны сондай табиғи қажетін өтеу үшін дәретханаға кіргізбейді немесе дәретханадан айқайлап қуып шығады. Бұл енді шектен шыққандық. Анамыз Медетова Күлбарашты иянаттап, дәретханадан қуып шыққанын дәлелдейтін диктофонның дыбыс жазбасын өздеріңізге де ұсынып отырмыз. Анамыз Күлбараш мұндай қорлықты көруі тиіс емес. Туған баласынан зәбір көрген Медетова Күлбараштың қазір денсаулығы күрт нашарлап кетті. Бойынан қуаты кетіп, жүріп-тұруы қиындады. Медетова К. гипертания аурына шалдықты, қан қысымы 210-ға дейін көтеріліп кетеді. Қайғыдан жүрек дертіне ұшырады дәрігерлер гипертрофия левого желудка сердце и диффузия увеличения в миокарда деген диагноз қойып отыр. К. Медетованың жүрек дертіне және гипертания ауруына тек Алмагүл Серікқалиеваның қорлығынан кейін шалдыққанын дәлелдейтін медициналық анықтама бар. Анамыз Медетова Күлбараш 2005 жылдың сәуір айының 4 мен 14 аралығында Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатып емделді. Толықтай медициналық тексеруден өтті. Дәрігердің: «Выписка из истории болезни №7778» деген анықтамасында К. Медетоваға холецистит, панкреатит, гастродуоденит, шейно-грудной остехондроз деген диагноз қойылған. Жүрек ауруы туралы, қан қысымы туралы бір ауыз сөз жоқ. Ауруханаға түскен кез келген адамның қан қысымын дәрігер міндетті түрде тексереді. Бұл дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. К. Медетованың қан қысымы жоғары болса, сол кезде-ақ анықтар еді. Сондықтан да анамыз Медетованың жүрек және гипертония ауруына шалдығуына тікелей әсер еткен Алмагүл Серікқалиева деп білеміз. Сол үшін Алмагүл Серікқалиеваны «ҚР Қылмыстық кодексінің» Денсаулыққа жан күйзелiсi жағдайында зиян келтiру» деген 108-бабымен жауапқа тартуын сұрағанымызбен қылмыстық іс қозғалмады....
  • 14 февраля 2010, 15:10
  • Ana_mama

Блог им. Ana_mama → Туған анасын өлтіру үшін шабуыл жасаған Алмагүлдің әрекетінде қылмыстың нышаны да жоқ», — дейді прокуратура мен полиция.

«Туған анасын өлтіру үшін шабуыл жасаған Алмагүлдің әрекетінде қылмыстың нышаны да жоқ», — дейді прокуратура мен полиция. 2009 жылдың 23 шілдесінде менің анам Медетова Күлбараш тұрып жатқан Әл-Фараби көшесіндегі 71/13 69-пәтерге түскі 12 сағат 40 минутта белгісіз әйел рұқсат сұрамастан кіріп келіп: «Бұл үйден шық, бұдан былай бұл жердің қожасы менмін, Алмагүл бұл пәтерді маған арендаға берді», — деді. Баса көктеп кіріп келген бөтен әйелдің заңсыз әрекетіне наразы болған Медетова Күлбараш: «Бұл менің тұрып жатқан пәтерім, осы үйде тіркеуде тұрмын, осы жерде өмір сүруіме рұқстан берген Ботсандық аудандық сотының шешімі бар, оның үстіне Алмагүл Серікқалиева менің туған қызым», — дейді. Өзін біресе Гүлнар, біресе Гүлназ деп таныстырған белгісіз әйел: «Өз еркіңмен бұл жерден кетпесең, күшпен қуып шығам деп», — Медетова Күлбараштың жағасына жармасып, ұрып жықпақ болады. Осы кезде түнгі жұмыстан шаршап келіп ұйықтап жатқан Медетованың баласы М. Т. оянып кетеді. Ол дереу бөтен әйелдің қолынан анасы Медетованы ажыратып алады. М. Т. үйге келіп, жанжал шығарып жатқан белгісіз әйелдің төл құжатын көрсетуін сұрайды. Бірақ, ол әйел төл құжатын көрсетуден бас тартады. Сол кезде М.Т. жанжал шығарған белгісіз әйел мен Алмагүл Серікқалиеваны ұялы телефонының фотоаппаратымен суретке түсіріп алады (Белгісіз әйел мен Алмагүл Серікқалиеваның фотасын прокуратураға өткіздік). Сол жерде үлкен жанжал туындап, екі әйел дөрекіленіп, анамыз Медетова Күлбарашқа қарсы ауыр-ауыр сөздер айтады. Мұндай бассыздыққа төзе алмаған Медетова Күлбараштың жүрегі ауырып, жағдайы нашарлап кетеді. Жұмыста отырған қызы Сандуғаш Серікқалиеваға хабарласып, полиция шақыруын өтінеді. Сандуғаш полиция шақырады. «Боран-43» экипажының полициясы дер кезінде келіп, аға сержант Қылышпаев пен М. Мұздыбаев, Медетованың қолынан арыз жаздырып алады. Басы айналып, көзі қарауытып орнынан тұра алмаған Медетова ауыр жағдайда отырып, «Неизвестная женщина и Алмагуль Сериккалиева нападали и избили» деген екі ауыз сөз жазуға ғана шамасы келеді. Ауыр хәлдегі қарт анаға жаны ашыған полиция қызметкерлері дереу жедел жәрдем шақыртыңыз деп кеңес береді. Түскі 14 сағат 28 минутта дәрігер Канипал бастаған медициналық жедел жәрдем мамандары К.Медетованы тексере келе артериялдық қан қысымының 210/110 дейін көтеріліп кеткенін анықтайды. Бұған дәлел болатын Жедел медициналық жәрдем дәрігерлерінің берген «Учаскелік дәрігерге жіберілетін дабыл парағын қолымызда. Дәрігерлер тез арада дәрі-дәрмек беріп, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Егер де Мұстафа болмағанда белгісіз әйел мен Алмагүл Серікқалиева анамыз Медетованы өлтіріп кетуі мүмкін еді. Мұны мен адамды өлтіру үшін жасалған шабуыл деп есептеймін. Алмагүл Серікқалиева анамыз Медетованы өлтіру арқылы оның тұрып жатқан бөлмесін тартып алуды көздеген. Алмагүл Серікқалиева анамыз Медетованың гипертония дертіне шалдыққанын біледі. Қатты ренжісе, қан қысымы көтеріліп, инсульт болып, өліп кету қаупі барын да біледі. Жүрегі ауратын, гипертониясы бар адамды ренжітіп қана қоймай, күш көрсеткен. ҚР Қылмыстық Кодексінің «Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу» деген 145-бабында: «1. Тұрғын үйге онда тұратын адамның еркiнен тыс басып кiру — екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның бiр айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш айға дейiнгi мерзiмге қамауға жазаланады. 2. Күш қолданып не оны қолданамын деп қорқытумен немесе адамдар тобы жасаған, немесе түнгi уақытта, немесе заңсыз тiнтуге ұласа жасалған әрекет, сол сияқты тұрғын үйден заңсыз шығарып тастау — бес жүзден сегiз жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның екi айдан бес айға дейiнгi кезеңдегi жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерiнде айыппұл салуға не екi айдан төрт айға дейiнгi мерзiмге қамауға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.»— деп жазылған. Осы бапты да негізге ала отырып, қылмыстық іс қозғауға болады. Бірақ полиция іс қозғаудан бас тартып отыр. Оның үстіне Алматы қаласы Бостандық аудандық Ішкі істер басқармасының бастығы Арыстанов, орынбасарлары А.Қ. Кенесариев, Келімбердин, бөлім бастығы Ержігіт Байгузов еш шара қолданбай отыр және қылмыстық іс бойынша түскен шағымды негізсіз тергеуге жібермей отыр. Полиция қызметкерлері әлі күнге белгісіз әйелді таппай отыр. Мен Серікқалиева Сандуғаш, анам Медетова Күлбарашты өлтіру үшін жағасынан алып, күш көрсеткен Алмагүл Серікқалиеваны туғаным деп айтуға аузым бармайды. Туған анасын өлтірмек болған Алмагүлдей безбүйректің жасаған қылмысы үшін заң алдында жауап беруін құқық қорғау органдарынан талап етемін. Оның үстіне Алмагүл Серікқалиева Бостандық аудандық полиция қызметкерлерімен ымыраласып алып, анам Медетова Күлбарашқа қастандық жасағаны бұл бірінші оқиға емес, мұндай оқиға бірнеше рет қайталанды. АҚ ШАШТА АБЗАЛ АНАҒА қарсы жасалып жатқан заңсыз әрекеттерді СОТ арқылы тоқтатудан басқа амал көріп отырған жоқпын. Туған анасын аштан-аш үйге қамап қойған безбүйрек 2009 жылдың 26 тамызынан бастап бірнеше күн Алмагүл Серікқалиева пәтердің өз атына жазылғанын пайдаланып, туған анасы Медетова Күлбарашты күшпен үй қамауында ұстады. 26 тамыз күні кешке Бостандық аудандық сот орындаушылары мен учаскелік полиция және Алмагүл Серікқалиева және оның жанында тұрып жатқан еркек Дәурен Мұқанов кешкі уақытта Әл-Фараби көшесіндегі 71/13 69-пәтерде тұрып жатқан 61 жастағы қарт адам Медетова Күлбараштың бөлмесіне келіп, акт жасап, Медетова Күлбарашқа балаларымен араласуға және туған балаларының заттарын анасы ретінде өз үйінде ұстауына тыйым салды. Және де жоғарыда аталған құқық қорғау органдары үйден шыға салысымен, Серікқалиева Алмагүл Медетова Күлбарашты үйге қамап тастады. Мұндай қорлыққа жаны шыдамаған Медетованың қан қысымы 200/110 дейін көтеріліп, осы күні кешкі 21 шамасында жедел жәрдем шақырды. Медетова науқас адам ол кісінің жүрегі аурады және де гипертониясы бар. Науқасқа медициналық көмек көрсеткен жедел жәрдем дәрігері Дедрованың диктофонға жазылып алынған сөзін өздеріңіз тыңдауларыңызға болады. Осы орын алған қылмыстық оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің «Бас бостандығынан заңсыз айыру» деген 126-бабтың 2-ші тармағының «3) пайдакүнемдік ниетте» және « и) жәбiрленушiнiң материалдық немесе өзге де тәуелдiлiгiн пайдаланып жасалса» деген пункттарында көзделген пиғылмен Медетова Күлбарашты үй қамауында ұстау арқылы бас бостандығынан айырып отырған Алмагүл Серікқалиеваны қылмыстық жазаға тартуды сұрап полиция мен прокуратураға шағымданғанымызбен ешқандай нәтиже болмады. ...
  • 14 февраля 2010, 15:08
  • Ana_mama

Блог им. Ana_mama → Туған анасының бөлмесіне қарақшылық шабуыл жасады

Туған анасының бөлмесіне қарақшылық шабуыл жасады 2009 жылдың қараша айының 21-де түнгі сағат 24.00-да Бостандық ауданының полиция қызметкерлері, учаскелік полицей Әлжанов Жандос және өзін таныстырудан бас тартқан тағы да бір полицей екеуі Медетова Күлбарашқа келіп, бөлмесіне тінту жүргізетінін айтты. Түнгі сағат 23-тен кейін төтенше жағдай болмаса, заң бұзбаған бейбіт тұрғынды полицияның мазалауға құқы жоқ екенін ескертсек те, есікті ашуды талап етіп, тұрып алды. Ал Алмагүл Серікқалиева полицияның көзінше есікті балтамен шауып кіретіндігін айтты. Содан келесі бөлмеде жоғарыда аты аталған полиция қызметкерлері мен Алмагүл Серікқалиева ақылдасып, есікті шабатын болып келісті. Істі насырға шаптырмас үшін Медетова Күлбараш бөлмеден сырқа шығып, полиция қызметкерлерімен сөйлесті. Жандос Әлжанов пен белгісіз полиция (өзінің аты-жөнін атаудан бас тартқан полиция қызметкері адамдарға қызмет бабымен барғанда аты-жөнін атап, өзін таныстыру керектігінен бейхабар) Медетованы сыртқа алып шығып кеткенде Алмагүл Серікқалиева балтамен есікті шауып, бұзып-жарып ішке енді. Балтаны алып іштегі Серікқалиева Сандуғашқа: «Егер де дәл қазір үйден кетпесең, шауып өлтірем», — деп балтасымен сес көрсетті. Алмагүлдың енесі, сожитель болып бірге тұрып жатқан Дәурен Мұқановтың шешесі Шолпан екеуі екі жағымнан ұстап, ұрып-соғып, үйден сүйрелеп алып шықты. «Түнде туған анасының бөлмесінің есігін балтамен шауып, қарақшылық шабуыл жасап, балтамен шауып өлтірмек болған Алмагүл Серікқалиеваның үстінен қылмыстық іс қозғауларыңызды сұраймын», — деп Бостандық аудандық прокуратураға және ІІБ шағым түсіргенімізбен әлі күнге жауап жоқ. Бөлмеде Алмагүлдің заты жоқ, тек Медетованың заттары ғана тұр. Мен анамның бөлмесіне кез келген уақытта келуге құқым бар. Мен ол жерде тұрып жатқан жоқпын. Соттың шешімін орындап отырмын. Ал Анама келуге шектеу қоюға Алмагүлдің құқы жоқ. Менің анам бостандықтағы адам ол күн демей түн демей туған балаларымен араласа алады. Ондай құқықты оған ҚР Конституциясы береді, «ҚР Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 20-21 -бабы береді. Алмагүл Серікқалиеваның полицияның көзінше қарақшылық шабуыл жасағанына қарағанда полиция екеуі ымыраласып алған, барып тұрған сыйбайлас жемқорлық. Полицияның мені анам Күлбарашпен жолығуға, кездесуге тыйым салуы өз ісін асыра пайдаланушылық, шектен шығушылық деп білемін. Полиция Алмагүл Серікқалиеваның қолындағы неміс авчаркасы сияқты, фас десе жарып салатын. Әйтпесе, балтамен есікті полицияның көзінше бұзып жатқанда, өз ісіне адал, заң білетін адам мұның заңсыз әрекет екенін түсінер еді ғой. Ж.Әлжанов: «Мен ол кезде сыртқа шығып кеткенмін», — деп сылтауратпай-ақ қойсын. «Қырағы» полицияның тұмсығының астында қылмыс жасалып жатады, ал олар еш нәрсені сезбейді. Яғни, Әлжанов өз ісін білмейтін, біліксіз маман. Әлжановтың әрекетінен халықтың тыныштығын заңды білмейтін, өзі ісіне жауапсыз қарайтын, «адалдық» деген сөзден адырам қалған «полиция» деген атқа лайықсыз кездейсоқ адамдардың жұмыс істеп жүргендігін көруге болады. Оқиға болған жерге біздің шақыртуымызбен Бостандық аудандық ІІБ-ның эксперттері келді (қыздар). Аты-жөндерін сұрап едік, жаратпай ала көздерімен қарап, таныстырудан бас тартты. Сынған есікті суретке түсірді. Сол кезде мен, Серікқалиева Сандуғаш: «Есікті шапқан балтаны қоса суретке түсіріңіз», — деп өтініш жасап едім. Сөзімді тындаған да жоқ. (Орудия насилия и взлома двери так и не фиксировали.) Қылмыс жасалған құралды тәркілемей, суретке түсірмей, полиция өз ісін шала-жапсар атқарып кете барды. Осы қарақшылық шабуыл бойынша Алмагүл Серікқалиеваның және қылмысқа қатысушы ретінде полиция қызметкері Жандос Әлжановтың үстінен қылмыстық іс қозғалуы тиіс еді, бірақ, Қазақстанның құқық қорғау органдары мұны заң бұзушылық деп есептемейтін сияқты. Әлі күнге қылмысты істі қозғамай, тып-тыныш отыр. ...
  • 14 февраля 2010, 15:04
  • Ana_mama